Қазақстан тарихындағы тұңғыш жоғары консультативтік орган - Президент Қазақстан Халық Кеңесі туралы
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы қыркүйектің екінші жартысында жасақталады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қыркүйектің екінші жартысында Халық Кеңесі жасақталады. Бұл – Қазақстан тарихындағы тұңғыш жоғары консультативтік орган. Еліміздің этникалық, аймақтық, әлеуметтік, қоғамдық-саяси ерекшеліктерін бір арнаға тоғыстыратын жаңа құрылым заңнамалық бастама көтеру құқығына ие болады. Шын мәнінде, бұл – бірегей орган", - деді Президент.
Бұл конституциялық органға заңнамалық бастама көтеру құқығы берілген.
"Осылайша, қысқа уақыттың ішінде биліктің барлық негізгі институттары жаңғырып, алдағы реформаларға тың серпін береді", - дейді Президент.
Еске салайық: Астанада Мемлекет басшысының төрағалығымен Құрылтайдың алғашқы отырысы өттіп жатыр. Бірінші сессияның ашылуынан кейін бірден Қазақстан үкіметі отставкаға кетті.