Әлеуметтік масылдық, жөнсіз сөз бен орынсыз сын - Тоқаев болашақ ұрпақтың идеологиясы туралы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың алғашқы сессиясын ашты. Жиын барысында Мемлекет басшысы еліміз ғылымды, озық цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні дамытуға ден қойып, инновациялық өркендеу жолына бағыт алғанын атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент Қазақстан әлеуметтік мемлекет ретінде азаматтардың әлеуетін арттыруға әрдайым баса мән беретінін еске салды.
"Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және креативті индустрия саласын жан-жақты дамытуға айрықша назар аударамыз. Мемлекет мақсатшыл, табанды, еңбекқор адамдарға әрдайым қолайлы жағдай жасайды. Біз жастарға еңбек пен тәртіптің қаншалықты маңызды екенін түсіндіруіміз керек. Себебі, бұл – табысқа жетудің көзі. Азаматтарымыз жаңа дәуірде құқықтық сауатсыздық, әлеуметтік масылдық, жөнсіз сөз бен орынсыз сынның еш пайдасы жоқ екенін білуі қажет. Мұның бәрі – еліміздің өсіп-өркендеуіне бөгет болатын кедергілер. Салиқалы ұлттық сана-сезімді қалыптастыру ісіне айрықша мән беру керек. Мен бұл туралы Тамыз конференциясында арнайы айттым. Енді осы мәселеге Құрылтай қабырғасында қайта оралғанды жөн көріп отырмын", - деді Президент.
Тағы оқыңыз: Тоқаевтың Тамыз конференциясында сөйлеген сөзінің толық мәтіні жарияланды