Құрылтайдың алғашқы отырысы: онлайн-трансляция
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясының ашылуына қатысып жатыр. Tengrinews.kz Президенттің сөзін тікелей эфирде көрсетіп жатыр.
Бүгін, 28 тамызда Қазақстанда бір палаталы Парламент – Құрылтайдың алғашқы отырысы өтіп жатыр.
Құрылтайдың бірінші сессиясын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ашты.
Тікелей эфир сағат 11:00-де басталды.
Отырыста жаңа шақырылым депутаттары ресми түрде жұмысқа кіріседі. Сондай-ақ жиын барысында жаңа Құрылтайдың төрағасы сайланады.
Қазақстанда жаңа Парламент
Бір күн бұрын Орталық сайлау комиссиясы бір палаталы Құрылтайдың жаңа депутаттарын тіркеді. Оларға депутат куәліктері мен төсбелгілері табысталды.
Еске салайық, 1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді. Оны қабылдағаннан кейін Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, олардың депутаттарының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Екі палаталы Парламенттің орнына бір палаталы Құрылтай құрылды. Жаңа Парламент құрамына бес жыл мерзімге сайланатын 145 депутат кіреді.
23 тамызда Қазақстанда Құрылтайдың алғашқы сайлауы өтті. Бұл - 1991 жылдан бері елдегі оныншы парламенттік сайлау және конституциялық реформадан кейінгі алғашқы сайлау.
25 тамыздағы жағдай бойынша, дауыс беру қорытынды нәтижелерін мына жерден көруге болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!