Астанада Тілендиев даңғылының бір бөлігі 10 күнге жабылады
Астанада 1–10 қыркүйек аралығында Н. Тілендиев даңғылында қозғалыс ішінара шектеледі. Шектеу жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты енгізіледі, деп хабарлайды Tengri Auto елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Жолдың жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары Тілендиев даңғылының Көктал көшесінен Мәскеу көшесіне дейінгі учаскесінде жүргізіледі.
Жұмыс кезінде аталған учаскедегі қозғалыс жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жүретін бағыттарын алдын ала жоспарлауды және қозғалыс ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерді ескеруді сұрайды.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында учаскеде уақытша жол белгілері мен нұсқағыштар орнатылады.
Тағы оқыңыз: Алматыда 1 қыркүйекте қай көшелер жабылады: интерактивті карта