Конституциялық сот белгілі бір лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салудың заңдылығын тексереді
Конституциялық сот белгілі бір лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салудың Ата заңға сәйкестігін тексереді. Тиісті өтініш іс жүргізуге қабылданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz соттың ресми сайтына сілтеме жасап.
Өтініш беруші мемлекеттік қызметші емес және сыбайлас жемқорлық қылмысының арнаулы субъектісінің белгілері жоқ адамға белгілі бір лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салуды қолдану әділеттілік, мөлшерлестік және жауаптылықты даралау қағидаттарын бұзуы, сондай-ақ еңбек ету құқығы мен кәсіптік қызметті еркін таңдау құқығын шектеуі мүмкін деп есептейді.
Сот қарау нәтижелері туралы өзінің ресми сайтында және Telegram-арнасында хабарлайды.
Бұған дейін Конституциялық сот қазақстандықтардың еңбек құқықтарын қорғауға айтарлықтай ықпал ететін шешім қабылдады. Атап айтқанда, сот жұмыстан босату ережелерінің бірін әділетсіз деп таныды. Толығырақ сілтеме арқылы оқыңыз.