Ерлан Сәрсембаев әділет министрі лауазымында қалды
Ерлан Сәрсембаев әділет министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда ақпаратында.
Осылайша, Сәрсембаев 2025 жылдың қаңтарынан бері атқарып келе жатқан қызметін сақтап қалды. Министр болып тағайындалғанға дейін ол Қазақстан Конституциялық сотының судьясы қызметін атқарды.
Бұрын Сәрсембаев Қарулы күштерде, Премьер-министр кеңсесінде, Сенат кеңсесінде және ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет еткен.
Ерлан Сәрсембаевтың өмірбаяны
Ерлан Сәрсембаев 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы энергетика және байланыс институтын және Д.А. Қонаев атындағы гуманитарлық университетін бітірген.
1998 жылдан 2002 жылға дейін Қазақстан Қарулы күштерінде офицер болып қызмет етті. Содан кейін Премьер-министркеңсесінде кеңесші және сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2005 жылдан 2011 жылға дейін Сенат кеңсесінде басшылық қызметтерді атқарды. 2011 жылдан 2016 жылға дейін ұлттық қауіпсіздік органдарында басшылық қызметтерде қызмет етті.
2016 жылы Сенат кеңсесіне оралды. 2017 жылдан 2019 жылға дейін Сенат кеңсесі басшысының орынбасары, ал 2019 жылдан 2022 жылға дейін оның департаменттерінің бірін басқарды.
2023 жылдан 2025 жылға дейін Қазақстан Конституциялық сотының судьясы қызметін атқарды. 2025 жылдың 9 қаңтарында ол әділет министрі болып тағайындалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!