Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді
Қытай аумағында Қазақстан шекарасына жақын маңда магнитудасы 4,3 болатын жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпуі 3 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 16:02-де болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан деректер орталығының жедел мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 4,3 болды, энергетикалық класы - 9,7.
Бір күнде үш жер сілкінісі тіркелді
Айта кетейік, бұл 3 қыркүйекте қазақстандық сейсмологтар Қытай аумағында тіркеген үшінші жер сілкінісі. Бұған дейін Астана уақытымен сағат 11:18-де магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісі тіркелген еді.
Тағы бір жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 07:45-те болды. Магнитудасы 4,7, энергетикалық класы - 11,1.
Еске сала кетейік, 1 қыркүйекте кешке магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі Қытай аумағында Қазақстан шекарасына жақын маңда тіркелген.