Мұрат Қайырбек Президенттің Құрылтайдағы өкілдігінің басшысы болып тағайындалды
"Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Әділғазыұлы Қайырбек Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Құрылтайындағы Өкілдігінің басшысы лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда ақпаратында.
Қазақстанда бір палаталы Парламент
Еске салайық, 1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді. Оны қабылдағаннан кейін Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, олардың депутаттарының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Екі палаталы Парламенттің орнына бір палаталы Құрылтай құрылды. Жаңа Парламент құрамына бес жыл мерзімге сайланатын 145 депутат кіреді.23 тамызда Қазақстанда Құрылтайдың алғашқы сайлауы өтті. Бұл - 1991 жылдан бері елдегі оныншы парламенттік сайлау және конституциялық реформадан кейінгі алғашқы сайлау.25 тамыздағы жағдай бойынша, дауыс беру қорытынды нәтижелерін мына жерден көруге болады.
Сайлау қорытындысы бойынша Құрылтайға бес саяси партия өтті өтті. Олардың арасында мандаттар келесідей бөлінді:
"Әділет" партиясы – 110 мандат;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 8 мандат;
"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 10 мандат;
"Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы – 8 мандат;
Respublica партиясы – 9 мандат.
Тағы оқыңыз: Жаңа адамдар мен таныс есімдер: Құрылтайдың алғашқы құрамы қандай болды?
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!