Добавить новость
World News

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Роналду ұлы миллиондап ақша құртқаны үшін картасын бұғаттап тастағаны рас па: не белгілі?

Бірқатар БАҚ-та португалиялық футбол жұлдызы Криштиану Роналду 16 жастағы ұлының 9 миллион доллар жұмсағанын біліп қойып, оның несие картасын бұғаттап тастағаны туралы ақпарат тарады. Tengri Sport оқиғаның мән-жайын анықтап көрді.
3 қыркүйекте түрік басылымдарының бірінде Роналдудың кіші Криштианудың қаржылық сауаттына көңілі толмайтыны туралы хабарлама шықты.
Олар танымал тұлғалар туралы жаңалықтарды жиі тарататын Х әлеуметтік желісіндегі белгілі бір аккаунтқа сілтеме жасаған.

"Роналду ұлының жұмысқа деген ынтасы төмен деп есептесе де, біраз уақыт бойы оған өзінің несие картасын пайдалануға рұқсат берген. Алайда шоттағы операциялар тарихында пайда болған 1,8 миллион доллар сомасындағы транзакция португалиялық жұлдызды жағдайға араласуға мәжбүр етті.Роналду айтқаны туралы мәлімдемеге сәйкес, 1,8 миллион долларлық транзакцияны көргеннен кейін, жұлдызды футболшы несие картасының өзге де шығындарын тексере бастаған. Тексеру барысында ұлының небәрі бір апта ішінде суперкарлар мен түрлі сәндік заттарға 9 миллион доллардан аса қаражат жұмсағаны белгілі болды", - делінген хабарламада.

Бұл ретте Роналдудың мәлімдемесіне басқа ешқандай сілтеме жоқ, сондай-ақ оның ұлы туралы осындай сөздер айтқан видеосы да табылмады.
Оның үстіне, жаңалықты алғаш таратқан аккаунттың өзі бұл жазбаны өшіріп тастаған. Бірақ скриншоттар сақталып қалған.
Скриншот: x.com/Ghost91ne
Сондай-ақ әлеуметтік желілерде Роналдудың осыған ұқсас тағы бір дәйексөзін кездестіруге болады.
"Басында кіші Криштиану бұл мәселеге аса салмақты қарамағандай көрінді. Тіпті мен мұнда, Сауд Арабиясында ойнап жүргенде де оның қалай өмір сүріп жатқаны туралы ақпарат алып отырдым. Оның бірде достарымен бір күнде 30 мың еуро жұмсағанын естігенде: "Бұл мүмкін емес", - дедім ішімнен. Сондықтан оны өзіме жақын жерге алып келіп, академияға беруді және оны мұқият қадағалауды жөн көрдім. Қазір ол оқып жүр және тәртіпті бола бастады", - деп айтты-мыс Роналду.
Алайда жазбадағы дәйексөз бен футболшының видеода айтқан сөздері мүлдем екі бөлек, ал Криштиануға телінген бұл сөз беделді ақпарат көздерінде жоқ.

???? Криштиану Роналду ұлы кіші Криштианудың тәртібі туралы:Сұхбат форматындағы видеода Роналду ұлының өмір салты туралы естігеннен кейін, неге оны қасына алып келіп, академияға беру туралы шешім қабылдағанын ашық айтады.????️ “Кіші Криштиану басында аса байсалды көрінбеді. Тіпті мен… pic.twitter.com/KcXwaJigkg
— Big shaq (@BIggestshaqq) 2 қыркүйек, 2026 жыл
Роналду ұлының тәрбиесі туралы бұған дейін не деген еді?
Криштиану Роналду отбасылық өмірінің егжей-тегжейін жұртқа көп жариялай бермейді, соған қарамастан оның айналасында үнемі ойдан шығарылған оқиғалар өріп жүреді.
Мәселен, Криштианудың үйлену тойының күні мен орнын көптеген танымал БАҚ жариялаған болатын, бірақ бұл ақпарат жалған болып шықты, ал салтанатты шара ойыншының жеке иелігінде шағын ортада өтті.
2015 жылы, кіші Криштиану небәрі бес жаста болғанда, Роналду баланы тәрбиелі болуы үшін еркелетпеуге тырысатынын айтқан болатын.

"Жайлы төсекте оянып, жеміс-жидек пен йогурт жеп, жылдам көліктермен жүргенде еркелеп кету оңай", - деп келтіреді ESPN оның сөзін.

Роналдудың айтуынша, бала сол кездің өзінде одан iPhone 6 сұраған, бірақ оған алып бермеген.
2017 жылы Криштиану тәрбие мәселесіне қайта оралды.

"Ұлым өзінің сәтті кезеңде дүниеге келгенін біледі. Ол жақсы үйде тұратынын, әкесінің жақсы көліктері бар екенін біледі, бірақ оларға қалай қол жеткізгенін де түсінеді. Ол әкесінің көп жұмыс істейтінін біледі", - деп жазады AS.

Кіші Криштиану Роналду туралы не белгілі?
Еске салайық, Португалия құрамасы жұлдызының үлкен ұлы әкесінің жолын қуды – ол "Әл-Насрдың" жасөспірімдер командасында жаттығады және өз жас санаты бойынша ұлттық құрамаға шақырту алып үлгерді.
Осы жылы сәуірде БАҚ-та "Әл-Наср" кіші Криштиануды әкесімен бірге алаңға шығуы үшін негізгі құрамға қосу мүмкіндігін қарастырып жатқаны туралы хабарланған еді. Алайда бұл ақпарат әзірге расталған жоқ.
17 маусымда бала 16 жасқа толды. Бұл жаста Ламин Ямаль Испания құрамасы сапында алғашқы голдарын соғып үлгерген еді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Cristiano Ronaldo (@cristiano) жарияланымы


Роналду Инфантиноға “шынайы көзқарасын“ аңғартты: видео желіні шулатты

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России