Добавить новость
World News



Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Қазақстанда көлікте балағат сөздері бар ән тыңдау қамауға алуға себеп бола ма: заңгер мән-жайды түсіндірді

Көліктен естілетін балағат сөздері бар әндер Қазақстанда әкімшілік қамауға алуға себеп болуы мүмкін, әрі бұл мерзім қысқа болмауы да ықтимал. Жүргізуші қай жағдайда жауапқа тартылуы мүмкін және мұндай жағдайлардан қалай сақтану керек – Tengrinews.kz материалынан оқыңыздар.
Не үшін қамауға алуы мүмкін?
Қала көшелерінде қуатты аудиожүйесі бар, музыканы бар дауысына қойып қойған көліктерді жиі кездестіруге болады. Бұл әндердің барлығы бірдей зиянсыз емес – кейде олардағы балағат сөздер айналадағыларға естіліп жатады. Мұндай әрекеттер "Ұсақ бұзақылық" бабына (ӘҚБтК 434-бабы, 1-бөлігі) жатады.
Адвокат Абзал Қасымжановтың айтуынша, бұл бап барлық азаматқа қатысты қолданылады.
Атап айтқанда, қоғамдық орындарда балағат сөйлеу, адамдарға қорлап тиісу және қоғамдық тәртіпті бұзып, айналадағыларға сыйламаушылық білдіретін басқа да іс-әрекеттер ұсақ бұзақылық болып саналады.

"Яғни, әрекетті саралау үшін балағат сөздің болуы ғана емес, сонымен бірге оның қандай жағдайда айтылғаны да маңызды".
Дәйексөз авторын қосу


Сурет қосу



Абзал Қасымжанов
Адвокат



Ұсақ бұзақылық үшін 20 АЕК (86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынуы немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу жазасы қолданылуы мүмкін. Егер осындай құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, жаза қатаңдатылады.
Бұл қалай жұмыс істейді: түрлі жағдайларды талдаймыз
Адвокат мұндай жағдайларда, ең алдымен, оқиғаның қоғамдық орында болған-болмағаны маңызды екенін түсіндірді. Мұндай орындарға көшелер, саябақтар, кіреберістер, қоғамдық көліктер, сауда орталықтары және басқа да ортақ пайдалану орындары жатады.
Көліктің өзі жеке меншік саналады. Алайда бұл көлік ішінде болып жатқанның бәрі автоматты түрде жеке өмірге жатады дегенді білдірмейді.
Мысалы, егер жүргізуші көшеде терезесін ашып, балағат сөздері бар әнді қатты қойып жүрсе, оны айналадағылар естиді. Мұндай жағдайда полиция белгілі бір жағдайларға байланысты бұл әрекетті жария мінез-құлық деп бағалауы мүмкін.
Сонымен қатар, әндегі бір ғана балағат сөз жауапкершілікке тарту үшін жеткіліксіз. Әр жағдайда барлық мән-жайды ескеру қажет. Бірнеше ықтимал жағдайды қарастырып көрейік.
Адам көлік ішінде балағат сөзі бар ән тыңдап отыр. Терезелер жабық
Егер адам өз көлігінде терезелерін жауып отырса, ал музыка айналадағыларға естілмесе, қоғамдық тәртіп бұзылмайды.

"Оны тек ән мәтіні үшін автоматты түрде жауапқа тартуға негіз көріп тұрған жоқпын. Заң балағат сөзі бар музыкалық шығарманы тыңдау фактісі үшін емес, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының белгілеріне сәйкес келетін жария мінез-құлық үшін жауапкершілік белгілейді", – деп түсіндірді Абзал Қасымжанов.

Терезелер ашық, балағат сөзі бар музыка көшеге естіліп тұр
Ал бұл жерде жағдай басқаша, деп атап өтті адвокат. Егер жүргізуші әдейі балағат сөздері бар музыканы қатты қойып, терезелерін ашса және оны көшедегі адамдар естісе, полиция мұндай әрекеттерді ұсақ бұзақылық деп бағалауы мүмкін.

"Бірақ нақты тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін болған оқиғаның мән-жайын, құқық бұзушылық жасаған адамды және заңда көзделген әкімшілік құқық бұзушылық құрамы белгілерінің бар-жоғын анықтау қажет".
Дәйексөз авторын қосу


Сурет қосу



Абзал Қасымжанов
Адвокат



Саябақта колонкадан балағат сөзі бар музыка қою
Саябақ қоғамдық орын болып саналады. Сондықтан, егер компания колонка арқылы балағат сөздері бар әндерді қатты қойса және оны басқа келушілер естісе, бұл да ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша жауапкершілікке тартуға негіз болуы мүмкін.
Бұл ретте, адвокаттың айтуынша, әрбір нақты жағдайдың мән-жайын ескеру маңызды.

"Әсіресе, айналадағылар ескерту жасаса, ал бір топ адам оны елемей, мұндай әрекеттерін жалғастыра берсе. Мұндай мән-жайлар айналадағыларға сыйламаушылық танытудың және олардың тыныштығын бұзудың қосымша дәлелі болуы мүмкін", – деді адвокат.

Адам көшеде абайсызда балағат сөз айтып қалды
Абайсызда айтылған балағат сөз әрдайым құқық бұзушылықты білдіре бермейді, деп атап өтті Абзал Қасымжанов.

"Мысалы, адам сүрініп кетіп, телефонын түсіріп алды да, эмоциямен балағат сөз айтып қалды. Бұл қоғамдық орында тұрып, дауыстап балағаттап, жолаушыларға тиісіп, ескертулерді елемей, қоғамдық тәртіпті әдейі бұзатын адамның әрекетінен мүлдем басқа жағдай. Сондықтан контекст, іс-әрекеттің сипаты, жариялылық және басқа да мән-жайлар маңызды", – деп түсіндірді адвокат.

Екі адам көшеде балағат сөздер қолданып ұрсысып жатыр
Егер жанжал қоғамдық орында болып, адамдар айқайлап ұрсысса және айналадағыларға кедергі келтірсе, бұл ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша жауапқа тартуға негіз болуы мүмкін.
Бұл ретте жанжалдың қалай аяқталғанына назар аудару маңызды. Егер қоқан-лоқы, зорлық-зомбылық немесе өзге біреудің мүлкіне зақым келтіру орын алса, бұл анағұрлым ауыр құқық бұзушылық, тіпті қылмыстық жауапкершілік туралы болуы мүмкін.
Тікелей эфир кезінде өз пәтерінде балағат сөз айту
Егер адам тікелей эфир кезінде өз үйінде балағат сөздер айтса, бұл қоғамдық орында балағат сөйлеумен бірдей емес. Үйде балағат сөз қолдану фактісінің өзі адамды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша жауапқа тартуға автоматты түрде негіз болмайды. Бұл жерде оның нақты не айтқанын және бұл контенттің интернетте таратылған-таралмағанын жеке ескеру маңызды.

"Егер сөз стример, блогер немесе басқа да жария тұлға туралы болса және контент интернетте таратылса, жарияланымның мазмұнын, оның таралу тәсілін және нақты жағдайларды талдау қажет. Блогер мәртебесі немесе жазылушылардың көптігі автоматты түрде ұсақ бұзақылық ретінде бағаланбауы тиіс".
Дәйексөз авторын қосу


Сурет қосу



Абзал Қасымжанов
Адвокат



Балағат сөзі жоқ, бірақ түнде өте қатты қойылған музыка
Мұндай жағдайда басқа бап – ҚР ӘҚБтК-нің тыныштықты бұзу туралы 437-бабы қолданылуы мүмкін. Ол үшін музыкада балағат сөздің болу-болмауы маңызды емес. Егер адам түнде музыканы қатты қойып, өзгелердің тынығуына кедергі келтірсе, ол тыныштықты бұзғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін.
Яғни, күндізгі уақытта қатты музыка мен балағат сөздер әртүрлі қарастырылуы мүмкін, ал түнде бұған тыныштықты бұзғаны үшін жауапкершілік қосылуы ықтимал.
Құқық бұзушылық міндетті түрде видеоға түсірілуі керек пе?
Жоқ, видео міндетті емес. Жазбаның болмауы адамды жауапкершіліктен босатуға негіз болмайды.
Абзал Қасымжановтың айтуынша, азаматтардың арыздары, куәгерлердің айғақтары, қатысушылардың түсініктемелері, бақылау камераларының жазбалары, телефондағы видео және аудиожазбалар дәлел бола алады.
Мысалы, егер көршісі түнде көліктен шыққан балағат сөзі бар қатты музыканы естісе, ол 102 нөміріне хабарласа алады. Егер болып жатқан жағдайды видеоға қауіпсіз түсіріп алу мүмкіндігі болса, мұндай жазба құқық бұзушылықты растауға көмектеседі.

"Бірақ азамат полицияға жүгіну үшін міндетті түрде видеожазбасы болуы шарт емес. Сонымен қатар полиция патрульдеу кезінде мұндай құқық бұзушылықты өздігінен анықтай алады немесе бейнебақылау камераларынан, интернетте жарияланған материалдардан мәлімет ала алады", – деді адвокат.

Ал егер видеода өтіп бара жатқан адамдар көрінбесе ше? Бұл өздігінен құқық бұзушылық жоқ дегенді білдірмейді. Егер оқиға қоғамдық орында болса, кадрда адамдардың болмауы шешуші фактор емес. Бұл ретте видео бойынша болған жағдайдың мән-жайы түсінікті болып, нақты адамның кінәсі анықталуы тиіс, деп атап өтті Абзал Қасымжанов.
Көліктен балағат сөзі бар ән қойылса, кім жауап береді: жүргізуші ме әлде жолаушы ма?
Адвокаттың айтуынша, жүргізушіні немесе көлік иесін автоматты түрде жауапты деп санауға болмайды. Музыканы нақты кім қойғанын және құқық бұзушылықты кім жасағанын анықтау маңызды.

"Әкімшілік жауапкершілік дербес сипатқа ие. Кінәлі іс-әрекеттерді нақты кім жасағанын анықтау қажет", – деді ол.

Мысалы, егер музыканы телефоннан жолаушы қосса, жауапкершілік жүргізушіге емес, соған жүктелуі мүмкін. Сондықтан полиция нақты құқық бұзушыны анықтауы тиіс.
Жеке өмір мен ұсақ бұзақылықтың аражігі қайда?
Адам өз жеке өмірінде балағат сөзі бар әндерді тыңдай алады немесе сондай сөздерді қолдана алады. Мұндай мінез-құлық қоғамдық ортаға шығып, айналадағылардың тыныштығын немесе тәртіпті бұзған кезде ғана мәселе туындауы мүмкін.
Яғни, жаза балағат сөз айтқаны немесе музыкалық талғамы үшін емес, адамның өзін қайда және қалай ұстағаны, оны кім естігені және қоғамдық тәртіпті бұзған-бұзбағаны үшін қарастырылған.
Бұл ереже барлығына – қарапайым адамға да, блогерге де, стримерге де, стендапшы немесе әртіске де бірдей.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России