Шетелдік тіркеудегі және өзге де көліктер қомақты айыппұл жинап алған
Полиция мәліметінше, кейінгі 5 күн ішінде иелерінің үлкен берешегі бар 20-дан астам автокөлік ұсталды. Көліктердің басым бөлігі шетелдік есепте тұрғаны анықталған.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Алматы қаласының ПД жарияланымы (@almaty.police)
Мәселен, Қырғызстанда тіркелген BMW автокөлігінің иесі 1 миллион 700 мың теңгеден астам айыппұлын төлемеген.
Дегенмен, борышкерлердің арасында қазақстандық мемлекеттік нөмір таққан көлік иелері де болды. Полиция мұндай автокөліктерді жол ағынында камералар мен ақпараттық жүйелердің көмегімен анықтайды. Тоқтатылғаннан кейін машиналар айыппұл тұрағына жөнелтіледі.
Ведомство өкілдері төленбеген айыппұлдар жойылмайтынын, ал берешектің жиналуы заңда белгіленген тәртіппен автокөліктің ұсталуына әкеп соғуы мүмкін екенін еске салды.