Добавить новость
World News

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Ұлдана Мырзуанның ісі: прокурорлар МИБ төрағасына қандай жаза сұрады?

Бүгін фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот процесінде прокурор Саяжан Серікова қайғылы оқиға болған үйдің МИБ төрағасы, айыпталушы Сәуле Жұбаниязоваға мемлекеттік айыптау тарапы сұраған жазаны жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тараптардың жарыссөзі барысында прокурор соттан Сәуле Жұбаниязованы Қылмыстық кодекстің 254-бабы ("Міндеттерге адал қарамау") бойынша кінәлі деп танып, оған екі жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы оған үш жыл бойы кондоминиум нысандарын басқару қызметімен айналысуға тыйым салу қажет екенін айтты.
Бұдан бөлек, прокурор Жұбаниязоваға жазасын өтеу кезеңінде бірқатар шектеу қоюды сұрады. Атап айтқанда, оған уәкілетті органға ескертпестен тұрақты тұрғылықты жері мен жұмыс орнын ауыстыруға, ойын-сауық мекемелеріне және спирттік ішімдіктер сатылатын мамандандырылған дүкендерге баруға тыйым салынуы мүмкін.
Сондай-ақ Жұбаниязоваға сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін уәкілетті мемлекеттік органның рұқсатынсыз тұрғылықты жерінен шықпауға және тиісті рұқсатсыз басқа елді мекендерге, соның ішінде Қазақстаннан тыс жерлерге шықпауға тыйым салынуы ықтимал. Тұрақты жұмыс орны болмаған жағдайда, ол жазасын өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жылына 100 сағат көлемінде, бірақ күніне төрт сағаттан аспайтын қоғамдық жұмыстарды атқаруға міндеттелуі мүмкін.
Мемлекеттік айыптаушы Астанадағы тұрғын үй қасбетінің құлауы аяқасты болған жағдай емес екенін және МИБ төрайымы өз міндеттерін тиісінше орындағанда бұл қайғылы оқиғаның алдын алуға болатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, сот тергеуі барысында ғимараттың қауіпті ақаулары ұзақ уақыт болғаны және уақтылы тексеріс жүргізілсе, оларды анықтау мүмкін болғаны дәлелденген.
Прокурор айыптау тарапы Сәуле Жұбаниязоваға үйдің бастапқы құрылысы немесе оны пайдалану жылдарында туындаған барлық мәселе үшін жауапкершілік артпайтынын атап өтті. Серікованың сөзінше, мәселе тек Жұбаниязова МИБ-ті басқарған кезең туралы болып отыр.

"МИБ төрағасы кірпіш қаптаманы жеке өзі жөндеуге, тоғызыншы қабатқа өздігінен шығуға немесе инженер-құрылысшының арнайы біліміне ие болуға міндетті емес. Бірақ ол осы мүлікті басқаруды оның күтімі мен пайдаланылуы қауіпсіз болатындай етіп ұйымдастыруға міндетті", - деді прокурор.

"Қасбет мәселесі бұрын да болған"
Серікованың айтуынша, іс бойынша МИБ құжаттары арасында болған 2017 жылғы техникалық қорытындының маңызы зор. Онда үйдің жалпы жағдайы қанағаттанарлық деп танылған. Сонымен қатар құжатта құрылымдардың пайдалану сенімділігін қалпына келтіру үшін қасбетке жөндеу және басқа да жұмыстар жүргізу туралы ұсыныс болған.
Прокурор бұл құжатты Жұбаниязоваға оның алдындағы басшы тапсырғанын мәлімдеді. Айыптау тарапының мәліметінше, бұл куәгерлердің айғақтарымен, сотталушының өз сөзімен және тінту нәтижелерімен расталады; тінту кезінде техникалық қорытынды табылып, тәркіленген.

"Бұл төрағаға сырттай мінсіз үй өткізіліп, оның техникалық ақауы туралы ешқандай ақпарат болмаған жағдай емес. Мұндай ақпарат болды, құжаттар болды, қасбеттің бұрынғы мәселелері де болған", - деді Серікова.

Сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы қасбеттегі жарықтар Жұбаниязова МИБ төрағасы болып тағайындалғанға дейін де тіркелгенін, ал 2021 жылы учаскелердің бірінде қасбетті нығайту жұмыстары жүргізілгенін еске салды.
"Аяқасты құлаған жоқ"
Прокурор сот-құрылыс техникалық сараптама қорытындысына жеке тоқталды. Сотта зерттелген материалдарға сәйкес, қасбеттің бұзылуы үдемелі сипатқа ие болып, ұзақ уақытқа жалғасқан.
Сарапшылардың мәліметінше, алдымен жарықтар пайда болып, олар кеңейген, қалау қабаттары арасындағы байланыс бұзылған, деформациялар ұлғайған, мұз қатып, қаптау қабатының қабырғаның негізгі бөлігімен ілінісу беріктігі төмендеген. Осыдан кейін жергілікті тұрақтылық жоғалып, құлаған.

"Ақау ұзақ сипатта болған және тиісті визуалды тексеріс жүргізу, соңынан оларды жою шараларын қабылдау арқылы анықталуы мүмкін еді", - деді прокурор.

Саяжан Серікованың айтуынша, ақау уақтылы анықталып, техникалық зерттеу жүргізілгенде, қауіпті аймақтарға кіру шектеліп, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары атқарылғанда, құлау қаупін айтарлықтай төмендетуге немесе мүлдем болдырмауға болар еді.

"Айыптау Жұбаниязова құлаудың нақты күні мен сағатын болжауы керек еді дегенге негізделмеген. Оның міндеті - ортақ мүлікке қауіпті белгілер уақтылы анықталып, тиісті шаралар қабылданатындай бақылау орнату болатын", - деді мемлекеттік айыптаушы.

Сондай-ақ ол сотталушының МИБ-ті алты айға жуық - 2024 жылдың мамырынан қарашасына дейін басқарғанын атап өтті. Айыптау нұсқасы бойынша, осы уақыт ішінде Жұбаниязова үйдің құжаттамасымен танысып, ортақ мүліктің жай-күйін анықтап, қандай мәселелер тексеруді немесе шара қолдануды талап ететінін айқындауы тиіс еді.

"Басқарушылық өкілеттіктерді өз мойнына алу белгіленген талаптармен танысу және жұмысты соларға сәйкес ұйымдастыру қажеттілігін білдіреді", - деді Серікова.

Бүгін Ұлдана Мырзуанның ісіне қатысты сотта жәбірленушілер сотталушы Сәуле Жұбаниязоваға материалдық және моральдық шығынды өтеу туралы азаматтық талап арыздарын берді. Талап арыздардың жалпы сомасы 45 миллион теңгеден асады. Сотталушы талаптарды мойындамады. Сондай-ақ ол өзін кінәлі санамайтынын тағы да қайталады.
Сондай-ақ бүгін жарыссөз басталғанға дейін сот процесске қатысушылардың барлығының өтініштерін тыңдады. Ұлдана Мырзуанның күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпайтын болды.
Өткен отырыстарда не болды?
18 тамызда Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында басталды фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау басталды. Істі судья Меруерт Абаева жүргізіп жатыр.
Айыпталушы орындығында қайғылы оқиға болған үйдің МИБ төрағасы Сәуле Жұбаниязова отыр. Өткен сот отырысында ол өзін кінәсіз деп санайтынын мәлімдеді.
Ұлдананың анасының адвокаты Нұрсұлтан Орынбековтің айтуынша, бұл іс Қылмыстық кодекстің 254-бабы ("Міндеттеріне адал қарамау") бойынша қаралып жатыр.
20 тамызда сотталушының адвокаты судья Меруерт Абаеваға қарсылық білдірді, алайда бұл өтініш қабылданбай, процесс жалғасты.
Фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі Әділет Зейнел сотта жауап берді. Ер адам жұбайы қайғылы жағдайға ұшыраған күн туралы баяндады. Сондай-ақ ол сотқа жұбайының қазасы туралы қалай білгенін және әкімдікте алған 20 миллион теңге туралы хабарлады.
Сондай-ақ оның анасы жауап берді. Әйелдің айтуынша, өз қызын танымай қалғанын ауруханаға барған кезде белгілі болған. Сонымен қатар жәбірленуші құдағиының әкімдіктен берілген көмек қаржының 4,5 миллион теңгесін қайтаруды талап еткенін жеткізді.
26 тамызда сотта жәбірленушілер мен куәгерлер жауап берді. Атап айтқанда, жәбірленуші Гүлнәр Қалиева 2025 жылғы 8 қарашада әпкесімен бірге үй маңындағы дүкенге бара жатқанын айтты. Олар ғимаратқа жақындай бергенде, үйдің қаптамасы жоғарыдан құлап түскен. Әйел тек басын қолымен жауып үлгерген. Оның айтуынша, "кірпіштер жаңбырша жауған".
Сондай-ақ Ұлдананың әріптесі Дильназ Байзақова сотта жауап берді. Қайғылы оқиға болған күнді еске алған кезде, ол көз жасына ерік берді.
2 қыркүйекте сот куәгерлердің - үй тұрғындарының жауаптарын тыңдады. Атап айтқанда, куәгер Валерия Самсонова үйдің қабырғаларында жарықтар пайда болғанын айтты. Мұны куәгер Халил Бабалиев те растады. Оның айтуынша, "үйдің іргесі сөгіліп жатыр".
Сондай-ақ сотта қаптама құлаған сәт түсірілген видео көрсетілді.
3 қыркүйекте сотта қылмыстық іс материалдарын зерттеу жалғасты. Мемлекеттік айыптаушы Нұрдәулет Әбуов ғимарат қасбетінің құлау себебі көрсетілген техникалық сараптама қорытындысын жариялады.
“Бүкіл үй құлап жатыр деп ойладым“ - Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша куәгер
9 қыркүйекте сот құрылыс саласындағы маман Вероника Лобаеваны тыңдады. Ол үй жобасындағы сәйкессіздіктерді "мина іспетті" деп атады.
Сондай-ақ сотта сотталушы Сәуле Жұбаниязова жауап берді. Ол қайғылы оқиғаға өзін кінәлі деп санамайтынын сотқа тағы айтты. МИБ төрағасының сөзінше, ол міндеттерін атқаруға кіріскен кезде, тұрғындар да, бұған дейінгі басқарушы да үйге қатысты қандай да бір мәселелерге шағымданбаған.
10 қыркүйекте, сот техникалық қадағалау маманы Денис Воробьёвты тыңдады. Оның айтуынша, ғимарат қасбетінде ақау белгілері қаптама құлағанға дейін пайда болған. Алайда олардың қаншалықты қауіпті екенін ешкім түсінбеген.
“Мерзімі өтіп, адамдар қайтыс болған“. Ұлдана Мырзуанның ісіне қатысты жаңа құжаттар
Бұған дейін Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот отырысы тікелей эфирде өтетіні хабарланған еді. Трансляцияны Tengrinews.kz YouTube-арнасынан көруге болады.

Қайғылы оқиға қалай болды?
2025 жылғы 8 қарашада Астанада Тәуелсіздік даңғылы, 24 Б мекенжайындағы тоғыз қабатты үйдің қасбетінен кірпіш қаптама құлаған. Салдарынан бес адам зардап шекті. Олар №1 көпбейінді ауруханаға жатқызылды.
Бір пациенттің жағдайы өте ауыр болды, оған ота жасалды. Тағы екі адам жансақтау бөлімінде жатты, дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалады. Қалған екі адам бөлімшеге орналастырылды, олардың жағдайы тұрақты деп бағаланды.
Ең ауыр жарақат алған пациент - оқиға орнына жеткен жедел жәрдем фельдшері, 23 жастағы Ұлдана Мырзуан болып шықты. Қыздың туыстарының айтуынша, ол зардап шеккендерге алғашқы болып көмекке ұмтылған. Олардың арасында бала, оның анасы және туысы болған. Ұлдана зардап шеккендерге қарай жүгірген кезде, "үстіне кірпіш пен кондиционердің бекіткіші құлаған". 18 қарашада ол ауруханада көз жұмды.
Оқиғадан кейін полиция Қылмыстық кодекстің 278-бабы "Сапасыз салынған құрылыс" бойынша қылмыстық іс қозғады. Кейін істе тағы бір бап пайда болды – 306-бап "Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету".
“Жарықтарға саусақ сыйып кетеді“. Фельдшер Ұлдана Мырзуанның үстіне қасбеті құлаған тұрғын үйден репортаж
С от талқылауы жүріп жатқанда, көпқабатты үйдің тұрғындары ғимаратта жаңа жарықтар пайда болғанына шағымданып жатыр. Олар өз пәтерлерінде тұруға қорқады. Олардың айтуынша, түнде қабырғалардан шытынаған дыбыстар естіледі. Tengri Home тілшілері оқиға орнына барып, мазасы қашқан астаналықтармен тілдесті.
Бұл репортаждың видео нұсқасын TengriTV YouTube-арнасынан көре аласыз:

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлдана Мырзуанды ерлігі, жанқиярлығы және міндетін үлгілі атқарғаны үшін "Ерлігі үшін" медалімен марапаттады. Қазақстандықтар жедел жәрдем фельдшерімен қалай қоштасқаны туралы мына материалда.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России