Добавить новость
World News



Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

“Қайғыға ортақпыз“. Каспийдегі трагедиядан кейін көрші елдердегі желі қолданушалары көңіл айтып жатыр

Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты әлеуметтік желілерде жазбалар жарияланды. Қырғызстан, Әзербайжан және басқа да елдердің қолданушылары қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, қолдау білдіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengri Life.
Бұл ретте Каспий жағалауында іздестіру жұмыстары аяқталды. Тағы екі әскери қызметшінің денесі табылғаннан кейін қаза тапқандар саны 14 адамға жетті.
Әлеуметтік желілерде не жазылып жатыр?
Көңіл айту жазбаларының көбін Қырғызстан қолданушылары жариялаған. Онда Қазақстанды бауырлас ел деп, оқиғаны ортақ қайғы деп атаған.

"Қазақстандағы бауырларымызда үлкен қайғы. Ел өзінің айбынды, жас, қайратты ұлдарынан айырылды. Қырғызстан атынан шын жүректен көңіл айтамыз", - деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Басқа пікір қалдырушылар да өз күйзелістерін бөлісті.

"Қайғыларыңызға ортақпыз", "Өрімдей жап-жас жігіттер-ай", "Орны толмас қаза. Қазақстан, шын жүректен айтқан көңілімізді қабыл алыңыздар", "Жаным ауырып отыр. Түнгі сағат екі болса да, көз іле алар емеспін".

Скриншот: Threads
Сондай-ақ желі қолданушылары қаза тапқандардың жақындарына сабыр мен күш-қуат тілеп, оларды ұмытпау керек екенін айтып жатыр.

"Қайғыларыңызға ортақпыз. Қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Жаратқан ие оларға сабыр мен төзім берсін. Топырақтары торқа болсын. Батырларды ұмытпау - біздің парызымыз", "Жатқан жерлері жайлы болсын. Алла Тағала олардың жанын жәннаттық етсін", - деп жазды пікір қалдырушылар.

Желі қолданушылары Қазақстан мен Қырғызстанды жақын, бауырлас қарым-қатынастар байланыстыратынын атаған. Жазбалардың бірінде автор Қазақстанды жат ел деп санай алмайтынын жазған.

"Қырғызстан мен Қазақстан - бір туған елдер. Адамдар қаза тауып жатқанда бейжай қалу мүмкін емес. Әрбір қаза болған жанның артында анасы, әкесі, жары, балалары, енді осы қасіретпен өмір сүруді үйренетін отбасы қалды", "Қазақстан, бекем бол. Қырғызстан жаныңда. Бир туугандын кайгысы - биздин кайгыбыз", "Көрші болғаны үшін емес, ана болғандықтан жылап отырмын. Қаза тапқандардың отбасына обал болды-ақ", - дейді желі қолданушылары.

Скриншот: Threads
Қазақстандық желі қолданушылары алғыс айтып жауап беріп жатыр.

"Мұндай сәтте кімнің дос, кімнің қас екені білінеді", "Рақмет, бауырлар", "Көп рақмет!", "Бауырлас халыққа үлкен алғыс", - деп жазуда қазақстандықтар.

Скриншот: Threads
Айта кетейік, кеше Ақтаудағы әзербайжан диаспорасының өкілдері де шет қалмай, іздестіру жұмыстарына қатысушыларға көмек көрсетті. Олар Каспий теңізінің жағалауына келіп, әскери қызметшілерге, медицина қызметкерлеріне және басқа да мамандарға су, азық-түлік және ыстық тамақ жеткізді. Әлеуметтік желілерде бұл туралы видео жарияланды.
Видеодан кадрлар
Қазақстандықтар әзербайжан қауымдастығының өкілдеріне көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты. Желі қолданушылары пікірлерде ризашылықтарын білдірді.
Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға
24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери-теңіз жаттығулары кезінде әскери қызметшілер Каспий теңізінде суға ағып кеткен. Олар оқу-жаттығу-жауынгерлік тапсырмаларды орындап жатқанда, ауа райы күрт бұзылып, жел күшейген.
Бастапқыда 19 әскери қызметші суға кеткені хабарланған болатын. Кейін Маңғыстау облысының әкімдігі 17 адам екенін нақтылады.
Сонымен қатар бүгін, 25 қыркүйекте екі әскери қызметші - сержант Мансұр Ғұмаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денесі табылды. Қайғылы оқиғадан 14 адам қаза тапты.
Қайғылы оқиғаны тергеу үшін үкіметтік комиссия құрылды. Оны премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады. Комиссия қайғылы оқиғаның себептерін анықтап, қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетуі тиіс.
Әскери қызметшілердің қаза болу дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына көңіл айтты. Мемлекет басшысы 25 қыркүйекті жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Қорғаныс министрлігі Каспийдегі іздеу операциясының кадрларын көрсетті

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.com — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России