Добавить новость
World News

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

14 жәрдемақы және бес әл-ауқат деңгейі: Қазақстанда төлемдер қалай өзгереді?

Қазақстанда жәрдемақының бірден 14 түрін тағайындау жүйесі өзгертіледі. Оларды алу құқығы жаңа ережелер бойынша айқындалып, тұрақты түрде қайта тексеріліп отырады. Толығырақ Tengrinews.kz шолуынан оқыңыздар.
Қандай төлемдер жаңа жүйеге көшірілмек?
Мемлекет жаңа әдістемені енгізіп жатыр: жәрдемақы алушылар табыс деңгейіне қарай А, B, C, D және E топтарына бөлінеді. Төлемдерді тағайындау тәртібі адамның қай топқа жатқызылғанына байланысты болады.
Бұл көрсеткіш Отбасының цифрлық картасында айқындалады.

"Отбасының цифрлық картасы – әлеуметтік-еңбек саласының платформасында іске асырылған, тізімдерді қалыптастыруды және адамдарды олардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейі бойынша бөлуді қамтамасыз ететін аналитикалық шешім", – делінген бұйрық жобасында.

Жаңа әдістеме жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдердің 14 түріне қатысты болады. Олардың қатарында:

Бала туғанда берілетін жәрдемақы.
Бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтім бойынша жәрдемақы.
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға, сондай-ақ бұрын "Батыр ана" атағын немесе "Ана даңқы" орденін алған әйелдерге берілетін жәрдемақы.
Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы.
Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының жекелеген ардагерлеріне берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы. Әңгіме Тәжік-Ауған учаскесінде қызмет өткерген әскери қызметшілер, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясына және Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысушылар туралы болып отыр.
Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар мен қорғаншыларға берілетін жәрдемақы.
I топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы.
Жерлеуге арналған жәрдемақы.
Қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілер мен ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына, сондай-ақ Чернобыль АЭС-індегі аварияның салдарын жою кезінде қаза тапқан адамдарға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы. Зейнеткерлер бұл санатқа кірмейді.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы – I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар мен балалардан бөлек.
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы – тұл жетімдерден бөлек.
"Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағы бар адамдарға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы.
"Халық қаһарманы" атағы бар адамдарға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – зейнеткерлерден бөлек.
"Қазақстанның Еңбек Ері" атағы бар адамдарға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – зейнеткерлерден бөлек.

Төлем туралы шешім жаңа қағидат бойынша - алушының қай топқа жатқызылатыны және оның бұл төлемге шынымен қаншалықты мұқтаж екені ескеріле отырып қабылданады.
Әл-ауқат деңгейіне байланысты кімдерге төлемдер тоқтатылуы мүмкін?
Жоғарыда аталған барлық төлем бойынша өзгерістер әзірге бір құжатқа жинақталмаған – олар әртүрлі бұйрықтарда жазылған.
Tengrinews.kz иелігінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу тәртібі қалай өзгеретіні туралы мәліметтер бар. Алушылардың бір бөлігі табыс деңгейіне байланысты одан айырылып қалуы мүмкін.
Мысалы, заң жобасында төлем "отбасының әл-ауқат деңгейіне" байланысты болатыны айтылған. Мән-жайы былай: егер Отбасының цифрлық картасында адам немесе отбасы әлеуметтік әл-ауқаттың А немесе В деңгейіне жатқызылса – олар арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды алмауы мүмкін. Ал C, D немесе E санаттарына іліккендер төлемге үміткер бола алады.
А, B, C, D және E санаттары нені білдіреді?
Әл-ауқатты есептеу әдістемесі әлі әзірлену үстінде және әлі де өзгеруі мүмкін. Соңында нақты қайсысы қолданылатыны белгісіз.
Қазіргі саралау қисыны мынадай:

А деңгейі. Бұл – тұрақты жоғары табысы, бірнеше жылжымайтын мүлігі, бизнесі, автокөлігі бар және денсаулығында кінәраты немесе қарызы жоқ отбасылар.
В деңгейі. Орта тап. Отбасылардың тұрақты жұмысы, өз баспанасы, жеткілікті табыс деңгейі бар, бірақ айтарлықтай артық қаражаты немесе жинағы жоқ.
С деңгейі. Табысы аз, несиелері бар, жалдамалы немесе жалғыз баспанасы бар отбасылар.
D деңгейі. Кедейлік шегіндегі отбасылар. Табысы төмен, отбасында еңбекке қабілетті бірақ жұмыс істемейтін мүшелері бар, төленбеген мерзімі өткен несиелері бар немесе тұрғын үй жағдайы нашар.
E деңгейі. Өмірлік өте ауыр жағдайдағы отбасылар. Табысының мүлдем болмауы, меншікті баспананың жоқтығы, ауыр сырқаттар, мүгедектік және берешектер.

Өзіңіздің және отбасыңыздың қай деңгейге жататыныңызды мына сілтеме арқылы есептеуге болады.
Айта кетейік, мұнда әңгіме қазіргі қолданыстағы есептеу әдістемесі туралы болып отыр. Жаңа ережелер дәл осы бойынша жұмыс істейді деп әзірге кесіп айтуға болмайды - келтірілген мысал тек қазіргі уақытта есептеулердің қалай жүргізілетінін көрсетеді.
Жәрдемақы алу құқығы қаншалықты жиі қайта қаралады?
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушының әл-ауқат деңгейі ай сайын Отбасының цифрлық картасының деректері бойынша тексеріліп отырады. Әр айдың 25-і күні мәліметтер "Е-макет" жүйесіне жіберіліп, онда төлем алушылардың ай сайынғы тізімі жасалады. Мониторинг кезінде отбасында несиенің бар-жоғы да ескеріледі.
Егер отбасы А немесе В тобына кірсе, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу келесі айдың бірінші жұлдызынан бастап тоқтатылады.
Алушылар өз санаты туралы қалай біледі?
Бұл нормалар күшіне енген кезде, жәрдемақыдан қағылған қазақстандықтарға хабарлама келеді. Хабарлама бірнеше жолмен жіберіледі:

eGov порталындағы жеке кабинетке;
eGov Mobile қосымшасына;
SMS арқылы;
екінші деңгейлі банктердің қосымшаларына.

Сол жерде алушы өз отбасының қай әл-ауқат деңгейіне жатқызылғаны туралы ақпаратпен таныса алады.
Төлемдер қандай себептермен уақытша тоқтатылуы мүмкін?
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу мына жағдайларда уақытша тоқтатылуы мүмкін:

банк шоты бойынша үш ай және одан да көп уақыт бойы шығыс операциялары болмаса;
адам хабар-ошарсыз кеткен деп танылса немесе іздеуде болса;
адам ата-ана құқығынан немесе қорғаншылық құқығынан айырылса;
алушы Қазақстаннан тұрақты тұруға кетіп қалса;
шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның тұруға ықтиярхатының немесе тиісті құжатының мерзімі өтсе;
алушы бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатса;
адам мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болса;
медициналық-әлеуметтік сараптамаға ұсынылған құжаттардан ақау табылса немесе мүгедектік туралы негізсіз қорытынды анықталса;
Отбасының цифрлық картасында адам немесе отбасы әлеуметтік әл-ауқаттың А немесе В деңгейіне жатқызылса.

Бұл ретте төлемді түпкілікті тоқтату туралы сөз болып отырған жоқ. Көп жағдайда тоқтату себебі жойылғаннан кейін оны қайта бастауға болады.
Мемлекет алушылар туралы мәліметтерді ай сайын тексеріп отырады. Егер жүйе адамның жәрдемақы алмауына себеп болған жағдайлардың өзгергенін анықтаса, төлемдер автоматты түрде қайтарылады.
Сондай-ақ адам қаласа, жәрдемақыдан өз еркімен бас тарта алады.

"Өз еркімен бас тарту үшін алушы жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы өтініш білдіреді. Өз еркімен бас тарту келесі айдың 1-інен бастап жәрдемақы төлеуді тоқтатуға негіз болады. Жәрдемақы алудан өз еркімен бас тарту адамды (отбасын), отбасы мүшелерін, үй шаруашылығын оларды тағайындауға қайта жүгіну құқығынан айырмайды. Бұл ретте жәрдемақы төлеу өтініш берген күннен бастап жүзеге асырылады", – делінген құжатта.

Айта кетейік, қазіргі уақытта қолжетімді ақпарат осымен шектеледі. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардан бөлек басқа жәрдемақылардың тағдыры не болатыны әзірге белгісіз. Tengrinews.kz өзгерістерді бақылап отырады.
Еске сала кетейік: бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жәрдемақы төлеу мәселесінде тәртіп орнату керектігін мәлімдеген болатын. Мемлекет басшысы мемлекеттен әлеуметтік көмекті тек оған өте мұқтаж жандар ғана алуы тиіс екенін айтты.
Тағы оқыңыз: Жәрдемақы төлеу: қазақстандықтар бес топқа бөлінбек

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.com — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России