Добавить новость
World News

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Алматылықтар есекті құтқару үшін күш біріктірді - видео

Бірнеше күн бойы Алматы көшелерін жалғыз есек кезіп жүрді. Жануар бейнеленген видеолар әлеуметтік желілерде тез тарап, он мыңдаған қаралым жинады. Бір қолданушылар бұл жағдайды әзілге айналдырса, енді бірі оның иесін анықтап, көмектесуге тырысты, - деп хабарлайды Tengri Life.Әлеуметтік желідегі жазбалар
Кеше әлеуметтік желілерде қаланы аралап жүрген есектің кадрлары тарай бастады. Оны алғашқылардың бірі болып Алматы тұрғыны таңғы сағат 11 шамасында Республика алаңы маңынан байқаған.
Скриншот: ThreadsӘлеуметтік желідегі жазбаларға қарағанда, есек Алматы көшелерінде бірнеше күннен бері жүрген. Жазбалардың бірінде автор иесін табуға көмек сұраған:"Назар аударыңыз! Алматы! Есек жоғалды! Кеше сағат 22:00-ден 01:30-ға дейін Төле би көшесі, 31 мекенжайында сүйкімді есек ешкімнің қарауынсыз жүрді. Егер қандай да бір ақпарат білсеңіздер, иесін табуға көмектесіңіздер!"
Скриншот: Threads
Есекті көрген куәгерлердің жазбалары мен видеолары он мыңдаған қаралым жинады.

"Шректі іздеп жүр".
"Есекті әлі күнге дейін ешкім алып кеткен жоқ, ол жолға шығып кетуі мүмкін".
"Оны алып кетуі үшін қайда хабарласуға болатынын білетіндер бар ма?".
"Ол жолға шығып кетпей тұрғанда, шұғыл түрде қауіпсіз жер табу керек".
"Уақытша ұстауға кім көмектесе алады? Жануарды көшеде қалдыруға болмайды".
"Бәлкім, ол өзіне қатыгез адамдардан қашып кеткен шығар? Жеке үйі бар біреулер оны өздеріне алып кетсе екен".

Құтқару оқиғасы
Есекті ақыры құтқару мүмкін болды. Бұл туралы Алматы тұрғыны Елена Стрельцова айтып берді.
Оның айтуынша, кеше күйеуі есекті Зенков пен Виноградов көшелерінің қиылысында видеоға түсіріп алған.

"Мен келгенде жануар Бөгенбай батыр - Қалдаяқов қиылысында тұр екен. Содан біз оны аулаға кіргізіп, Қалдаяқов көшесіндегі үйлердің бірінің алдындағы бақшаға дейін апардық", - деді ол.


Осыдан кейін ол күйеуімен бірге төрт сағат бойы жануарды бағып, жеке панажайларға қоңырау шалған. Олардың бірі сол сәтте басқа есекті құтқарумен айналысып жатқандықтан, тағы біреуін қабылдай алмаған. Соңында көмек басқа жерден табылды.

"Барлық мүмкін панажайға жаздым, демалыс базаларына хабарластым, бірақ нәтиже болмады. Осылайша төрт сағат өтті. Бір қыз оны уақытша ұстауға келісті, біз оны тасымалдау жолын іздей бастадық. Осы кезде маған ZooHome панажайынан Евгения хабарласып, есекті алып кетуге дайын екенін айтты", - дейді ол.


Сондай-ақ Елена 112, 109 және 102 қызметтеріне де хабарласуға тырысқан, алайда оның айтуынша, ол жақтан ешқандай көмек болмаған.
Ол тұрғындарды мұндай жағдайларға бейжай қарамауға шақырды. Оның айтуынша, адамдардың көмегінсіз жануарға қауіп төнуі мүмкін еді.

"Қайғылы жағдай болуы мүмкін еді: жол-көлік оқиғасы болса немесе ол біреуді теуіп жіберуі ықтимал еді. Күйеуім видео жібергенде, мен есекті жай ғана видеоға түсіре бермей, құтқару керек екенін бірден түсіндім", - деді ол.


Есек қазір қайда?
Біз панажай басқарушысы Николай Ковалевпен байланыстық. Ол есектің қазір соларда екенін растады. Алматы көшелерінде бірнеше күн қараусыз жүргеннен кейін, жануар сәл үркіп қалған.
Дегенмен жалпы жағдайы жақсы.
Шнурок есімді есек панажайда. Фото: Николай Ковалев
Оның айтуынша, жануар панажайда қалады. Онда оған Шнурок деген ат қойылды. Енді ол Бяша есімді қошқар, Сұлтан есімді теке, Дашка, Зезя, Илона және Киара есімді ешкілер, екі қаз, үйрек, күркетауық және 500-ге жуық итпен бірге тұрып жатыр.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.com — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России