Добавить новость
World News



Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

“Реквизиттерді жібер“: алаяқтар қазақстандықтарға әріптестерінің атынан қоңырау соға бастады

Қазақстанда алаяқтар жаңа схеманы қолдана бастады: олар қызметкерлерге басшыларының немесе әріптестерінің атынан қоңырау шалып, мессенджер арқылы реквизиттерді, кодтарды немесе басқа да ақпаратты жіберуді сұрайды. Бұл ретте телефон экранында шынымен де таныс адамның нөмірі көрінуі мүмкін. Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік техникалық қызмет (МТҚ) мұндай схеманың қалай жұмыс істейтінін, қаскөйлердің қызметкерлер туралы мәліметтерді қайдан алатынын және олардың құрығына түспеу жолдарын айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Реквизиттерді жібере салшы, таба алмай жатырмын"
Осындай жағдай туралы редакцияға компания қызметкерлерінің бірі айтып берді. Оның сөзінше, жақында оған Telegram арқылы әріптесінен қоңырау түскен. Нөмірі мен есімі телефонда сақтаулы болғандықтан, кім хабарласып тұрғанына басында еш күмәні болмаған.

"Қоңыраудан кейін: "Байланыс нашар болып тұр, реквизиттерді жібере салшы, таба алмай жатырмын" деген хабарлама келді. Мен әріптесіме барып, не үшін хабарласқанын сұрадым. Сөйтсем, ол маған мүлдем қоңырау шалмапты", - дейді қызметкер.

Өкінішке қарай, Қазақстанда мұндай оқиғалар аз емес. Бұл схеманың ерекшелігі - алаяқтар кездейсоқ нөмірді немесе абстрактілі "банк қызметкерін" емес, жәбірленуші сенетін адамды - басшыны немесе әріптесті пайдаланады. Мұндай схема әсіресе қаржыға қатысы бар және төлемдерді жүргізе алатын қызметкерлер үшін өте қауіпті болуы мүмкін.
Схема қалай жұмыс істейді?
Қазақстан ІІМ мұндай жағдайларды әлеуметтік инженерияға жатқызады. Қаскөйлер өздерін басшы немесе әріптес ретінде таныстырып, адамды құпия ақпаратты хабарлауға немесе қаржылық операцияны орындауға көндіруге тырысады.
Сенімді болу үшін алаяқтар ашық дереккөздердегі мәліметтерді, бұрын ұрланған деректерді, жалған аккаунттарды, сондай-ақ көрсетілетін нөмірді ауыстырудың техникалық тәсілдерін қолдануы мүмкін.
Мұның техникалық жағы қалай жүзеге асатынын KZ-CERT мемлекеттік техникалық қызметінің мамандары түсіндірді.

"Ықтимал механизмдердің бірі - қоңырау шалушы абоненттің нөмірін ауыстыру немесе Caller ID spoofing. Мұндай ауыстыру кезінде алушының телефоны қоңыраудың нақты дереккөзіне сәйкес келмейтін нөмірді көрсетеді. Бұл үшін қаскөйлерге экранда көрінетін нөмір иесінің телефонына немесе SIM-картасына қол жеткізудің қажеті жоқ. Сондықтан экрандағы таныс нөмірдің өзі қоңырау шалушының тұлғасын растамайды", - деп ескертті сарапшылар.

Мессенджерлер арқылы қоңырау шалғанда, алаяқтар басшының есімі мен фотосуреті бар жалған профильді немесе бұзылған аккаунтты пайдалануы мүмкін.
Алаяқтар басшылар мен қызметкерлерді қайдан біледі?
Қызметкерге басшының атынан қоңырау шалу үшін алаяқтарға ең болмағанда негізгі мәліметтер қажет: бастықтың аты-жөні, компанияда кімдер жұмыс істейтіні, олардың лауазымдары қандай және олармен қалай байланысуға болады. Бұл ақпараттың бір бөлігін табу қиын емес.

"Алаяқтар есімдерді, лауазымдарды, фотосуреттерді және жұмыс контактілерін ашық дереккөздерден: ұйымдардың сайттарынан, әлеуметтік желілерден, кәсіби профильдерден және жарияланған құжаттардан жинай алады", - деп түсіндірді мамандар.

Бірақ кейде ақпарат бұдан да көп болуы мүмкін. Мамандардың айтуынша, деректер алаяқтардың қолына ақпараттың жылыстауы, хат-хабарлардың ұрлануы немесе аккаунттардың бұзылуы нәтижесінде түсуі ықтимал.
Бұл ретте алаяқтың басшының есімін немесе қызметкердің лауазымын білуі деректердің дәл осы компаниядан жылыстағанын білдірмейді, дейді сарапшылар.
Тағы бір мәселе, егер қаскөй ашық қолжетімділікте жоқ нәрселерді айта бастаса, сақ болған жөн.

"Егер қоңырау шалушы жабық мәліметтерді, мысалы, ішкі хат-хабарлардың мазмұнын немесе жарияланбаған тапсырманың егжей-тегжейін қолданса, бұл компания ішінде ақпараттың таралып кету мүмкіндігін тексеруге негіз болады", - деп нақтылады сарапшылар.

"Бастық" хабарласса не істеу керек?
ІІМ кеңес береді: егер өзін басшы немесе әріптес ретінде таныстырған адам қоңырау шалып, кодты, парольді, банктік реквизиттерді айтуды немесе шұғыл түрде қандай да бір іс-әрекет жасауды сұраса, сөйлесуді бірден тоқтатқан дұрыс.
Сондай-ақ басшы жіберген сілтемелерге өтпеу, кодтар мен парольдерді айтпау немесе аккаунтқа рұқсатсыз кіруді растамау қажет.

"Тек байланысқа шыққан адамның шынымен басшы немесе әріптес екенін ғана емес, тапсырманың өзін де тексеру керек. Тұлға расталған күннің өзінде, қаржылық операциялар мен ішкі ақпаратты беру компанияда белгіленген ережелер бойынша жүруі тиіс", - деп толықтырды KZ-CERT мамандары.

Ең бастысы мынаны есте сақтау маңызды: күмәнді қоңырау түскен нөмір телефон кітапшасындағы басшының нөмірімен сәйкес келсе де, бұл оның хабарласқанын дәлелдемейді. Сөйлесуді аяқтап, тексерілген нөмірге өзіңіз қайта хабарласқаныңыз немесе адамның қасына барып, өтінішін немесе тапсырмасын ауызша растағаныңыз абзал.
Деректер беріліп қойса не істеу керек?
Егер қызметкер кодты, парольді немесе басқа да құпия ақпаратты айтып қойса, мамандар алаяқтардың алынған деректерді пайдалануын күтпей, дереу әрекет етуге кеңес береді.
Ең алдымен, байланысты тоқтатып, болған жағдай туралы полицияға, ақпараттық қауіпсіздік қызметіне немесе компанияның ИТ-қолдау бөліміне хабарлау қажет. Егер мәселе банктік деректерге қатысты болса немесе қаржылық операция жасалып қойса, дереу банкке хабарласу керек.
Егер құпия сөз белгілі болып қалса, оны ауыстырып, ИТ-мамандармен бірге белсенді сессияларды, қолжетімділікті қалпына келтіру параметрлерін және көпфакторлы аутентификацияны тексерген жөн.
Сондай-ақ мамандар хат алмасуды сақтап, қоңыраудың егжей-тегжейін: уақытын, байланыс әдісін, көрінген нөмірді, өтініштердің мазмұнын және қызметкер жасап үлгерген әрекеттерді тіркеп қоюға кеңес береді. Бұл мәліметтер оқиғаны тексеру кезінде қажет болуы мүмкін.

"Әртүрлі шаралар әртүрлі ұйымдардың жауапкершілік аймағында: корпоративтік аккаунттарға қолжетімділікті компанияның өзі шектейді, банктік операцияларды - банк, ал телефон нөмірлерін тексерумен байланыс операторлары айналысады", - деп түсіндіреді сарапшылар.

Егер алаяқтарға құжаттар немесе басқа да құпия ақпарат берілсе, компания бөгде адамдардың қолына нақты қандай деректер түскенін және оның салдары қандай болуы мүмкін екенін жеке бағалауы тиіс.
Қорытындылай келе, мамандар технологиялардың дамуымен бірге алаяқтардың да айла-тәсілдері артып жатқанын ескертті. Сондықтан деректерді, әсіресе корпоративтік мәліметтерді қорғау үшін кейде бұрынғы әдіске жүгінген абзал - ақпаратты жеке тексеріп, маңызды дүниелерді қолма-қол тапсырған жөн.
Тағы оқыңыз: Алаяқтар сіздің ЖСН-ге бөтен нөмір тіркей алатыны рас па? Қалай тексеруге болады және не істеу керек?

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.com — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России