Добавить новость
World News

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Алматының болашақ Бас жоспарында “Сайран“ жоқ па? Әйгілі автовокзалға не болады?

"Сайран" автобекеті – Алматыдағы ең танымал көлік ғимараттарының бірі. Бүгінде ол бұрынғыша жолаушылар мен қалааралық автобустарды қабылдап тұрғанымен, қаланың болашақ Бас жоспарында оның рөлі өзгеруі тиіс. Tengrinews.kz "Сайранға" барып, оның қазіргі жұмысымен танысып, автобекетті алда не күтіп тұрғанын біліп қайтты."90-жылдарда қалып қойғандай"
Жаздың соңында әлеуметтік желілерде "Сайранның" жай-күйі қайтадан қызу талқыға түсті. Желі қолданушыларының бірі автобекеттің сыртқы көрінісі мен күту залындағы қоқыстарға шағымданды.
"Біз керемет үлкен мегаполисте тұрамыз, ал қаланың басты автобекеті әлі де 90-жылдарда қалып қойғандай көрінеді", – деп жазды ол.
Жазба авторы қоқысқа толған орындықтар мен еденнің суреттерін көрсетті.
Threads желісіндегі жазбаның скриншоты
Сол кезде әкімдіктен Tengrinews.kz-ке "Сайранның" жеке меншікте екенін хабарлағанымен, нысанның нақты кімге тиесілі екенін нақтыламады.
"Сайранның" бүгінгі келбеті қандай?
Жақында біз автобекетке таңғы сағат 09:30 шамасында бардық. "Сайран" әдеттегі режимде жұмысын жалғастырып жатыр: ғимарат алдында автобустар мен шағын автобустар тізіліп тұр.
Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм
Тіпті тұраққа жақындаған кезде-ақ жүргізушілер Тараз, Бішкек және өзге де қалаларға баруды ұсынып жатты.Ғимараттың өзі әлі де еңселі көрінеді. Бірақ ішкі жағынан тозу белгілері байқалады.
Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм
Анықтама: "Сайран" автобекеті 1983 жылы салынған. Ғимарат жобасын "КазНИИПИАТ" институты әзірлеген, жобаның бас сәулетшісі – Владимир Неровня. Бүгінде "Сайран" Алматының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген.
"Сайранның" ішінде не бар: ескірген орындықтар, электронды таблоКіреберісте багажды тексеруге арналған металл детекторлары мен интроскоптар тұр. Бірақ біз барған кезде олардың қасында ешкім болмады: жолаушылар емін-еркін өтіп жатты. Ол сәтте құрылғылардың жұмыс істеп тұрған-тұрмағаны белгісіз.
Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм
Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм
Кіреберістің сол жағында – кассалар. Таңертең олардың алдында шағын кезек жиналды, дегенмен автобекеттің әр жерінде билеттерді онлайн сатып алуға арналған QR-кодтар ілінген.
Алматыдағы "Сайран" автобекетінің кассасында кезекте тұрған жолаушылар / Фото © Tengrinews.kz / Ақбота СіләмКесте мұнда бірден екі форматта ұсынылған: қабырғада бағыттар мен жөнелту уақыты жазылған үлкен кесте ілулі тұр, ал оның жанында электронды табло жұмыс істеп тұр.
Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм
Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм
Күту залында металл орындықтар қойылған. Олардың кейбірі айтарлықтай ескіріп, майысып қалған.
Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм
Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм
Платформаға шығар есікте жолаушыларға үш тілде: қазақ, орыс және Алматы автобекеті үшін тосын көрінетін француз тілінде – "Bon voyage" - ақ жол тілеген жазу бар.
Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм
Бұл ретте қазақ тілінде "Сәт сапар" тіркесі жиі қолданылатындықтан, "Сәтті сапар" деген жазу да назар аудартады.
Бірінші қабатта асхана мен бірнеше сауда нүктесі жұмыс істейді. Осы жерден Duty Free дүкені де табылды.
Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм
Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм
Есікте дүкеннің кедендік бақылау аймағында орналасқаны және онда тауарларды тек шетелдік паспортпен сатып алуға болатыны көрсетілген.
Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм10 мың теңгеге дейін айыппұл: "Сайран" дәретханаларында не нәрсеге тыйым салынған?
Екінші қабатта әскери киім сататын және оны тігетін нүктелер орналасқан. Олардың үстінде ғимараттың кеңестік сәулетін еске түсіретін ерекше төбе бар.
Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм
Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм
Сол жерде ақылы дәретхана бар. Кіру құны – 100 теңге. Автобекет аумағындағы басқа санитарлық тораптар да ақылы.
Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм
Фото © Tengrinews.kz / Ақбота СіләмІшке кіргенде айыппұлдар туралы көптеген ескертуді көруге болады. Мысалы:

"Банкамен және бөтелкемен су алып шығуға қатаң тыйым салынады! Айыппұл - 10 000 теңге".
Ал қол жуғышқа аяқ киім жуғаны үшін 2000 теңге айыппұл қарастырылған.

Хабарландырулардың орфографиясы мен пунктуациясы сол күйінде сақталған.
Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм
Фото © Tengrinews.kz / Ақбота СіләмҒимаратты қысқаша аралап шыққаннан кейін заңды сұрақ туындайды: егер "Сайран" әлі де жұмыс істеп тұрса, неге ол Алматының Бас жоспарының жобасында жоқ?
"Сайран" қаланың болашақ Бас жоспарында жоқ
Алматыда 2026 жыл бойы қаланың Бас жоспарына енгізілетін түзетулер талқыланып жатыр.30 маусым қоғамдық тыңдаулар өтті, 28 қыркүйекте мәслихат депутаттары түзетулерді мақұлдады, ал 29 қыркүйекте Үкіметтің Бас жоспардың жаңа редакциясы туралы қаулы жобасы жарияланды. Tengri Home Алматыны қалай өзгерту жоспарланып жатқанын егжей-тегжейлі жазды.Құжатта "Батыс", "Солтүстік" және "Шығыс" деп аталатын жаңа автобекет кешендері көрсетілген. Оларды метро, LRT және BRT желілерімен байланыстырып, ірі көлік тораптарына айналдыру көзделген. Бұл ретте автобекеттер тізімінде "Сайран" жоқ.
Дегенмен, 2024 жылдың желтоқсанында Алматының бұрынғы әкімі Ерболат Досаев "Сайранды" маңызды ішкі көлік хабы деп атап, оны коммуналдық меншікке қайтару мүмкіндігі туралы айтқан болатын. Содан бері 2 жыл өтсе де, бұл жүзеге асқан жоқ.
"Сайран" автобекеті жабыла ма?
"Алматыбасжоспар" ҒЗЖИ мамандары автовокзалдың дереу жабылуы туралы сөз болып отырмағанын түсіндірді.Қала билігі қала маңы мен қалааралық тасымал жүйесін біртіндеп өзгертпекші. Қазір автобустардың үлкен ағыны қаланың тығыз салынған ішкі ауданындағы "Сайранға" келеді, бұл Бас жоспарды әзірлеушілердің айтуынша, жолдарға қосымша салмақ түсіреді.
"Бас жоспардың түзету жобасының перспективалық құрылымында "Сайран" автовокзалының негізгі көлік торабы ретінде көрсетілмеуі қаланың көлік моделінің өзгеруімен байланысты. Автовокзал қала маңындағы және қалааралық жолаушылар көлігінің едәуір бөлігін қабылдайды, ал оның қаланың қалыптасқан құрылыс аймағында шоғырлануы Алматының көше-жол желісіне қосымша жүктеме тудырады", – деп хабарлады институт.
Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм
Болашақта негізгі ағындарды Алматыға кіреберіс жолдарда қабылдау жоспарланып отыр.
Автобустар қайда көшіріледі?
Жоба үш автовокзал кешенін дамытуды қарастырады: "Батыс", "Солтүстік" және "Шығыс". Бірінші кезекте "Батыс" бағыты қарастырылып жатыр.
Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм
Идеяның мәні – қалааралық және қала маңындағы автобустар енді қаланың ішіне тереңдеп кірмейтін болады. Жолаушылар қала шетіндегі хабтарда қалалық көлікке ауысып міне алады.
Жаңа кешендерді метро, BRT және LRT-мен байланыстыру көзделген. Мысалы, "Батыс" кешені метроның бірінші желісін ұзарту жобасымен бірге қарастырылған.
"Сайранның" атқаратын қызметі өзгереді
Бас жоспарды түзету жобасында автовокзал аумағы халыққа қызмет көрсету және тұрғын үй функциясын дамыту аймағына жатқызылған.
Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм
Біз бұл "Сайранның" орнына болашақта тұрғын үй кешені, коммерциялық нысан немесе басқа да ғимараттар салынуы мүмкін дегенді білдіре ме деп сұрадық. "Алматыбасжоспар" өкілдері мынаны нақтылады:

"Аумақты тиісті функционалдық аймаққа жатқызудың өзі қазіргі автовокзал аумағында нақты тұрғын үй, коммерциялық немесе өзге нысанды орналастыру туралы шешім қабылданғанын білдірмейді", – деп хабарлады әзірлеушілер.

Бұл жерде болашақта нақты не болатыны жобалаудың келесі кезеңдерінде анықталады.
Сонымен қатар институт Бас жоспардың өзгеруі автовокзал сүріледі немесе ғимараттың иесі ауысады дегенді білдірмейтінін баса айтты. Бұл мәселе Алматы қаласы мәдениет басқармасының құзыретіне жатады.
Редакция нысанның тағдырын бақылауды жалғастырады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.com — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России