+22 градусқа дейін жылы: жұмада Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Жұма, 23 қазанда Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс қалаларында қар жауып, көктайғақ болады, кей жерлерде боран соғады деп күтіледі. Елдің оңтүстігі мен батысында негізінен жауын-шашынсыз болады. Ең жылы ауа райы Ақтауда болжанып отыр, онда ауа температурасы +22 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қалалар бойынша ауа райы
Астана – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.
Алматы – ауыспалы бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), тұман. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8, кей уақытта екпіні 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылы, күндіз 8-10 градус жылы.
Қызылорда – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 9-14, күндіз секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус жылы, күндіз 13-15 градус жылы.
Талдықорған – бұлтты, шамалы жауын-шашын (жаңбыр, қар). Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Түнде 1-3 градус үсік жүреді, күндіз 5-7 градус жылы.
Тараз – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылы, күндіз 10-12 градус жылы.
Ақтау – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 8-10 градус жылы, күндіз 20-22 градус жылы.
Ақтөбе – ашық, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы.
Атырау – ашық, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 6-11 метр. Ауа температурасы түнде 6-8 градус жылы, күндіз 17-19 градус жылы.
Орал – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылы, күндіз 13-15 градус жылы.
Қарағанды – ауыспалы бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (негізінен қар), көктайғақ. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.
Жезқазған – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 4-9, күндіз секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 6-8 градус жылы.
Көкшетау – ауыспалы бұлтты, түнде және таңертең шамалы жауын-шашын (негізінен қар). Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, түнде екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы.
Қостанай – ашық, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы.
Петропавл – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, түнде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы.
Павлодар – бұлтты, жауын-шашын (негізінен қар), көктайғақ. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.
Семей – бұлтты, жауын-шашын (негізінен қар), боран, көктайғақ. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы.
Өскемен – бұлтты, жауын-шашын (негізінен қар), боран, көктайғақ. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12, таңертең және күндіз екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз 0-2 градус жылы.