“Реал“ “Алтын допқа“ бойкот жариялауға қатысты жаңа шешім қабылдады: БАҚ
Франциялық БАҚ мәліметінше, мадридтік "Реал" 2024 жылғы даулы шарадан кейін "Алтын доп" сыйлығын тапсыру рәсіміне жариялаған бойкотын тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Tengri Sport lequipe.fr-ға сілтеме жасап.
Басылым мадридтік "Реал" 26 қазанда Лондонда өтетін "Алтын доп" марапаттау рәсіміне өкілдерін жіберетінін хабарлады.
"2024 жылы Винисиустың Родриден жеңіліп қалуына байланысты соңғы сәтте жарияланған бойкоттан және 2025 жылы Кэролайн Вейр ғана қатысқан шектеулі өкілдіктен кейін, биыл мадридтік "Реал" "Алтын доп" кешіне кеңейтілген құраммен қатысады. Клубтың бірнеше номинанты дүйсенбі, 26 қазанда "Барселонаға" қарсы Эль-Класиконың келесі күні Лондонға аттанады", - деп жазады басылым.
Айта кетейік, өткен маусымның қорытындысы бойынша жүлдеге үміткерлер арасында "Реалдың" төрт өкілі бар: Джуд Беллингем, Винисиус Жуниор, Килиан Мбаппе және Марк Кукурелья.
"Алтын допқа" қатысты бойкот дауы
Еске сала кетейік, 2024 жылы "Алтын доп" сыйлығын тапсыру рәсімі төңірегінде үлкен дау туындаған болатын. Винисиус Жуниордың жүлде алмайтыны белгілі болғаннан кейін мадридтік "Реал" ойыншылары толық құрамда шараға бойкот жариялады. Сол маусымда марапат "Манчестер Ситидің" жартылай қорғаушысы Родриге бұйырды.
Рәсім кезінде сыйлықтың ресми превьюі көрсетілген экранда Ламин Ямаль кішкентай Винисиусты көтеріп алғаны бейнеленген кадр пайда болды.
Бұл шектен шыққан құрметсіздік ???? "Алтын доп" экрандарында Шатта Бандл мен Ламин Ямальдың Винисиусты көтеріп тұрған мемі көрсетіліп жатыр ????
— Vini (@marvin_enoch_) 28 қазан, 2024 жыл
Осыдан кейін БАҚ клуб енді бұл жүлдеге атүсті қарайтынын, келесі жылы да ерлер командасынан номинанттарды рәсімге жібермегенін хабарлады.
"Алтын доп – 2026" фавориті кім?
Әлемдік БАҚ-тың болжамы бойынша, биыл "Алтын допқа" негізгі тартыс ағылшын Харри Кейн мен испандық Ламин Ямаль арасында өтеді.
“Алтын доптың” басты фавориті аталды: марапаттау рәсіміне екі апта қалды