“Біз дайынбыз“: Трамп АҚШ-тың Иранға қатысты жоспарын жариялады
Агенттік мәліметінше, ол бұл туралы Financial Times газетіне берген сұхбатында айтты.
Трамп Вашингтонның Тегеранға қатысты ұстанымын "тамаша" деп атап, әкімшіліктің Ислам Республикасына жасалып жатқан қазіргі қысым деңгейіне көңілі толатынын аңғартты.
"Біз қалаған нәрсеміздің бәріне қол жеткізіп жатқан сияқтымыз", - деді ол.
Осы апта соңында Иранға соққы жасау мүмкіндігін жоққа шығармаған Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың мәлімдемелеріне қатысты сауалға жауап бере отырып, президент АҚШ әскерилерінің мұндай әрекеттерге әлі де дайын екенін атап өтті, алайда әскери операцияның қажеттілігіне күмән келтірді.
"Мен дайынмын, біз дайынбыз. Қажет болса, соққы жасауға толықтай дайынбыз, бірақ бұған қажеттілік болмауы да мүмкін", - деп түсіндірді Ақ үй басшысы.
US has no immediate plan to strike Iran, Trump tells FT https://t.co/arale8C7hW
— Financial Times (@FT) November 3, 2026
Бірнеше сағат бұрын Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Багаи АҚШ-пен ықтимал келісім мәселесінде ілгерілеушілік жоқ екенін, ал тараптар арасындағы хабарлама алмасу делдалдар арқылы жалғасып жатқанын айтты.
Сонымен қатар ол Иран дипломатиялық мүмкіндіктерді пайдаланудан бас тартпайтынын, бірақ елдің қарулы күштері қорғанысқа және ықтимал шабуылдар жағдайында қуатты жауап соққысын беруге дайын екенін баса айтты.
Тағы оқыңыз: Ормуз бұғазы әлем мен Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді және алда не күтіп тұр?