Добавить новость
World News

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Көлікті қыздыруға қатысты заңның күші толық жойылған жоқ: қай жерде қозғалтқышты өшіру керек?

25 тамызда Қазақстанда "Жол жүрісі туралы" Заңға енгізілген өзгерістер өз күшіне енді. Өзгерістердің бірі - елді мекендерде қозғалтқышты ұзақ қыздыруға қатысты резонанс тудырған тыйымның алып тасталуы. Енді таңертең көлікті қалағанынша қыздыруға болады деп ойлауыңыз мүмкін. Алайда Жол жүрісі қағидаларында (ЖЖҚ) тұрғын аймақтарда қозғалтқышы қосулы тұрған көліктің тоқтап тұруына тыйым салатын тармақ сақталған.
Осыған орай сұрақ туындайды: көлік құралдарын қай жерде қыздыруға болмайды және бұл үшін қандай жаза қарастырылған? Tengri Auto Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Абзал Қасымжановтан жүргізушілерге осы қыста не істеу керектігін сұрап білді.
5.38 "Тұрғын аймақ" белгісі орнатылуы тиіс пе?
Абзал Қасымжановтың түсіндіруінше, заңдағы норманың күшін жоюы - қозғалтқышты ұзақ қыздыруға барлық жерде рұқсат етілгенін білдірмейді. Аулаларда бұл тыйым "Тұрғын аймақ" белгісі болмаса да әрекет етеді.
Бұдан бөлек, ЖЖҚ-ның қолжетімді редакциясында елді мекендердің басқа бөліктеріндегі шектеулер туралы 88-тармақ сақталып қалған. Сонымен қатар ЖЖҚ-ның 2-тармағының 60-тармақшасына сәйкес, тұрғын аймақ - 5.38 белгісімен белгіленген аумақ.

"Алайда 124-тармақ тұрғын аймақтар туралы тараудың талаптарын аулаларға да бөлек қолданады. Демек, белгінің болмауы аула аумағында осы талаптарды сақтаудан босатпайды", - деп атап өтті ол.

Анықтама: Абзал Қасымжанов - Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінің бакалавриатын және "Болашақ" бағдарламасымен Ұлыбританиядағы Глазго университетінің (University of Glasgow) заң факультетінің магистратурасын бітірген. Жұмыс өтілі 15 жылдан асады.
Тыйым тұрғын үй кешенінің аумағына да қолданыла ма?
Адвокаттың айтуынша, ЖЖҚ-ның 122-тармағының 4-тармақшасы қозғалтқышы қосулы тұрған көлікке тұраққа тұруға тыйым салады; 124-тармақ арқылы бұл тыйым аулаларда да қолданылады.
Іштен жанатын қозғалтқышы бар қарапайым көліктер үшін бұл норма көршілердің шағымына тәуелді емес. Электрмобильдер үшін арнайы ерекшелік қарастырылған. Мәселен, аулаға кіреберісте белгінің болмауы жүргізушіге көлікті терезе астында ұзақ уақыт қыздырып қоюға рұқсат бермейді.
Паркинг пен тұрақтарда жағдай қалай болмақ?
"Тұрақ" атауының өзі ештеңені шешпейді. Оның орналасқан жері маңызды: ауладағы тұрақ орындары аула ережелеріне бағынады; ауладан және белгіленген тұрғын аймақтан тыс орналасқан дүкеннің жеке тұрағы үйлердің жақындығына бола ғана тұрғын аймақ болып саналмайды; жерасты немесе көпдеңгейлі паркингтің мәртебесі мен жұмыс режимін жеке анықтау қажет. Кез келген паркингті автоматты түрде аулаға теңестіру дұрыс емес.
Бұл ЖЖҚ-ның 17-тарауын қолданудың аумақтық шарттарынан туындайтын қорытынды. Дау туындаған жағдайда аумақ сызбасы, кіреберістер мен белгілердің орналасуы, нысанға қатысты құжаттар қажет болады. Паркингтің жеке меншік болуы жол жүрісі қағидаларының қолданылуын жоққа шығармайды.
Көлікті қыздырғаны үшін айыппұл салына ма?
Абзал Қасымжановтың түсіндіруінше, қозғалтқышы қосулы тұрған көлікпен тұраққа тұру ережелерін бұзғаны үшін жүргізушіге ӘҚБтК-нің 597-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік жүктеледі.
Осы баптың 1-бөлігіне сәйкес 5 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Егер жүргізуші әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде ережені қайталап бұзса, айыппұл 10 АЕК құрайды.
Бұл ретте жауапкершілікке тарту үшін заңбұзушылықтың мән-жайын анықтау қажет: көлік қайда болды, қозғалтқышы қосулы болды ма және жүргізуші ЖЖҚ талаптарын шынымен бұзды ма? Бұл үшін тұрған көліктің бір ғана фотосуреті жеткіліксіз болуы мүмкін.
Енді тұрғын аймақтан тыс жерлерде көлікті бес минуттан артық қыздыруға бола ма?
Адвокаттың айтуынша, қозғалтқышты ұзақ қыздыруға қатысты бұрынғы тыйымның алып тасталуын кез келген жерде және қанша уақыт болса да қыздыруға берілген сөзсіз рұқсат деп санауға болмайды.
Мәселе мынада, "Жол жүрісі туралы" Заңға енгізілген өзгерістерден кейін де ЖЖҚ-да 88-тармақтың 5-тармақшасы сақталып қалды. Ол елді мекендерде механикалық көлік құралдарының қозғалтқышы қосулы тұрған күйде, егер бұл тұрғындарға қолайсыздық тудырса, тұраққа тұруына тыйым салады.
Мұнда екі жағдайды ажыратып алу маңызды. Аулалар мен тұрғын аймақтарда қозғалтқышы қосулы күйде тұраққа тұруға бөлек тыйым салынған. Елді мекеннің басқа бөліктерінде 88-тармақты ескеру қажет: оны қолдану үшін жұмыс істеп тұрған қозғалтқыштың тұрғындарға қолайсыздық тудыратынын (мәселен, шу немесе пайдаланылған газдар) анықтау маңызды.
Сонымен қатар ЖЖҚ-да сақталған тармақтың заңдағы өзгерістермен арақатынасы туралы сұрақ туындайды. Абзал Қасымжановтың айтуынша, заңның күші жол жүрісі қағидаларына қарағанда жоғары. Сондықтан олардың арасында қайшылық туындаған жағдайда заң нормасы қолданылуы тиіс.
Алайда заңнан бұрынғы тыйымның алып тасталуы қозғалтқышы қосулы күйде тұраққа тұруға қатысты басқа шектеулердің барлығы автоматты түрде өз күшін жойды дегенді білдірмейді.
Осылайша, аулаларда жүргізушілер кіреберісте "Тұрғын аймақ" белгісі болмаса да, қозғалтқышы қосулы күйде тұраққа тұруға тыйым салынғанын ескеруі қажет. Ауладан тыс жерлерде жағдай нақты мән-жайларға және жұмыс істеп тұрған көліктің тұрғындарға қолайсыздық тудыратын-тудырмайтынына байланысты болады.
Көлікті қыздыруға қатысты әлемдік тәжірибе
Қазіргі заманғы автомобильдерді жолға шығар алдында шынымен де ұзақ жылыту қажет пе және қозғалтқышты 10–15 минут бойы бос жүрісте қалдыру әдеті пайдалы ма деген сұрақ бізді қызықтырды. Бұл мәселені анықтау үшін біз шетелдік мамандардың ұсыныстарын зерделедік.
АҚШ-та Энергетика министрлігі мен Қоршаған ортаны қорғау агенттігі (EPA) қазіргі заманғы көліктерді ұзақ жылыту қажеттілігі туралы кең таралған пікірді теріске шығарады.
Америкалық мамандардың ұсыныстарына сәйкес, қозғалтқышты іске қосқаннан кейін бірнеше секундтан соң-ақ қозғалысты бастауға болады. Бұл ретте қозғалтқыш бос жүрісте ұзақ тұрғанға қарағанда, қозғалыс кезінде жұмыс температурасына тезірек жетеді.
Дегенмен, суық қозғалтқышқа бірден күш түсіруге болмайды. Мамандар алғашқы минуттарда жылдамдықты күрт арттырмай және жоғары айналымға жібермей, сабырмен жүруге кеңес береді. Сонымен қатар қозғалтқыштың бір орында ұзақ жұмыс істеп тұруы отын шығынын арттырады.
Канадада да осыған ұқсас ұсыныстар қолданылады. Елдің Табиғи ресурстар министрлігі (Natural Resources Canada) көп жағдайда суық қозғалтқышты іске қосқаннан кейін қозғалысты бастау үшін шамамен 30 секунд жеткілікті деп санайды.
Бұл ретте ведомство тек жылыту уақытына емес, сонымен бірге отын шығынына да назар аударады. Олардың мәліметінше, қозғалтқыштың 10 минуттық бос жүрісінде автомобиль 0,25-тен 0,5 литрге дейін отын жұмсап, 600-ден 1200 граммға дейін көмірқышқыл газын бөлуі мүмкін.
Канадалық мамандар қозғалыс кезінде тек қозғалтқыш емес, сонымен қатар автомобильдің басқа да тораптары тезірек жылитынын атап өтті. Дегенмен, қатты аязда жылыту уақыты ұзаруы мүмкін.
Осылайша, шетелдік ұсыныстар қазіргі заманғы автомобильге жолға шығар алдында қозғалтқышты қосып, ұзақ тұрудың әдетте қажеті жоқ екенін көрсетеді. Қысқа үзілістен кейін қозғалысты бастауға болады, ең бастысы - суық қозғалтқышқа жоғары күш түсірмеу керек.
Тағы оқыңыз: Тек дөңгелек емес: алғашқы қар жаумай тұрып көлікте нені тексеру керек?

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.com — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России