Добавить новость
World News

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

“Ата-аналарыңызға көрсетіңіздер“: алаяқтар емхана атынан қоңырау шалып жатыр

Қазақстандық блогер Дана Есеева әлеуметтік желіде қайын енесіне екі күн қатарынан емханадан хабарласқандай болып, күдікті қоңыраулар түскенін айтты. Алдымен "медбике", кейін "дәрігер" хабарласып, биометриядан өтуді сұраған. Мұндай жағдайда өзіңізді қалай ұстау керектігін Tengri Health материалынан оқыңыз.
Алаяқтар емхана қызметкері ретінде қалай әрекет етеді?
Дана Есеева айтқан бұл жағдай өте жиі кездеседі.
Күйеуінің анасына бірінші күні бір әйел хабарласып, өзін ол тіркелген емхананың медбикесімін деп таныстырған және оны тексерілуге жазатынын айтқан. Бірақ ол үшін видеоқоңырау арқылы биометриядан өту қажеттігін ескерткен.
Әйел тұтқаны қоя салған.
Келесі күні оған емхананың "дәрігері" қайта хабарласып, тағы да тексеру туралы айтып, биометриядан өту туралы өтінішін қайталаған. Блогер анасының алаяқтармен сөйлескен сәтін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеді.

"Мұны ата-аналарыңызға көрсетіңіздер", - деп жазды ол.

Соңғы оқиғалар алаяқтар өздерін емхана қызметкері - дәрігер немесе медбике ретінде таныстырып хабарласатынын көрсетті.
Әдетте олар қабылдауға жазылу, талдама тапсыру, тексеруден немесе скринингтен өту керек екенін айтады - нұсқалар әртүрлі болуы мүмкін.
Содан кейін:

SMS-код жіберіп, оны айтуды сұрайды,
биометриядан өту үшін камераны қосуды ұсынады,
құжат мәліметтерімен бөлісуді сұрайды.

Мұның ешқайсысын істеуге болмайды.
"Емханадан" хабарласып, биометриядан өтуді сұраса, не істеу керек?
Біз осыған қатысты ақпарат алу үшін Денсаулық сақтау министрлігіне жүгіндік.
Ондағылар қаскөйлердің өздерін медицина қызметкері, емхана немесе өзге де ұйымдардың өкілі ретінде таныстырып, түрлі сылтаумен SMS-кодтарды, дербес деректерді немесе азаматтардың банктік сервистеріне қолжетімділік алуға тырысатынын растады.

"Медициналық ұйымдардың қызметкерлері пациенттерден телефон арқылы SMS-кодтарды сұрамайды. Растау кодтары цифрлық сервистерде авторизациялану және әрекеттерді растау үшін қолданылады және үшінші тұлғаларға берілмеуі тиіс", - деп атап өтті ведомство.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі бейнебайланыс арқылы "биометриядан өту" туралы ұсыныспен түсетін қоңыраулар туралы ескертті.
Егер сізге белгісіз біреулер хабарласып, өзін емхана қызметкерімін деп таныстырса және жеке басыңызды растау үшін камераны қосуды ұсынса, сөйлесуді бірден тоқтатыңыз.

"Камера алдында олардың нұсқауларын орындауға, құжаттарды немесе телефон экранын көрсетуге, жіберілген сілтемелерге өтуге немесе олардың өтініші бойынша банктік қосымшаларды ашуға болмайды. Мұндай әрекеттер дербес деректерді заңсыз алу және пайдалану үшін қолданылуы мүмкін", - деп ескертті Денсаулық сақтау министрлігі.

Қажетті процедуралар туралы ақпаратты тікелей өзіңіз тіркелген медициналық ұйымның ресми телефон нөмірі арқылы нақтылау қажет.
Алаяқтар адамның қай емханаға тіркелгенін қайдан білуі мүмкін?
Туындайтын маңызды сұрақтардың бірі - алаяқтар адамның қай емханаға тіркелгені туралы ақпаратты қайдан алады?

"Хабарласушының пациенттің атын, емхана атауын немесе басқа да мәліметтерді білуі оның медицина қызметкері екенін дәлелдемейді. Мұндай бір ғана қоңырау фактісі бойынша ақпараттың қайдан алынғанын нақты анықтау мүмкін емес. Әрбір жағдай жеке зерттеуді талап етеді", - деп түсіндірді министрлік.

Ведомство өкілдері дербес деректердің таралып кетуі мүмкін екендігі туралы азаматтардан ресми өтініш түскен жағдайда тиісті тексерулер жүргізілетінін айтты.
Тексеру үшін телефон нөмірін, қоңырау шалынған күні мен уақытын, хаттарды және басқа да қолда бар материалдарды сақтап қою ұсынылады.
Алаяқтардың құрығына түспеу жолдары

бейтаныс адамдарға SMS-кодтарды, құпия сөздерді, дербес және банктік деректерді айтпау;
белгісіз сұхбаттасушылардың нұсқауы бойынша биометриялық сәйкестендіруден өтпеу;
күдікті сілтемелерге өтпеу және олар ұсынған қосымшаларды орнатпау;
ақпаратты медициналық ұйымдардың ресми арналары арқылы өзіңіз қайта тексеру;
күдікті қоңыраулар түскен жағдайда құқық қорғау органдарына және өз емханаңызға хабарласу.

Бұл ережелердің бәрін қарт туыстарға түсіндіру өте маңызды, себебі алаяқтар көбіне сенім факторын және психологиялық қысымды пайдаланады.
Бұған дейін біз қазақстандықтарға дәрігердің қабылдауынан шыққан бойда күдікті қоңыраулар түсе бастағаны туралы айтқан болатынбыз. Мұндай жағдайда не істеу керек екенін материалдан оқыңыз.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.com — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России