Добавить новость
World News

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Жаңбыр, қар, тұман: 14 қарашада ауа райы қандай болады?

Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Тек Қызылорда облысында жауын-шашын болмайды. Ел аумағында жел күшейіп, көктайғақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Астана – күн құбылмалы бұлтты, аздап қар жауады. Оңтүстік-батыстан секундына 2-7 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы болады.

Алматы – күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы болады. Іле Алатауының таулы аймақтарында (Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы бөліктерінде) түнде аздап қар жауады. Кей уақытта тұман түседі. Солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-13 градус, күндіз 1-6 градус аяз болады.

Шымкент – күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 7-9 градус жылы болады.

Ақмола облысы – аздап қар жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, күндіз 2 градус аяздан 3 градус жылыға дейін көтеріледі. Көкшетау – күн құбылмалы бұлтты, аздап қар жауады. Оңтүстік-батыстан секундына 7-12 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы болады.

Алматы облысы – түнде облыстың таулы аудандарында аздап қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында және таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-6 градус, таулы аймақтарда 8-13 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы, таулы аймақтарда 1-6 градус аяз болады. Қонаев – күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы болады.

Жетісу облысы – түнде таулы аймақтарда қар, күндіз жаңбыр аралас қар жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында және таулы өңірлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Облыстың шығысында және таулы аймақтарында жел екпіні секундына 15-20 метрге, күндіз Алакөл маңында кей уақытта 23-28 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 2-7 градус, таулы аймақтарда 10 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы, таулы аймақтарда 2 градус аяз болады. Талдықорған – күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 4-6 градус жылы болады.

Түркістан облысы – таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде жауын-шашын түседі, негізінен жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 2 градус аяздан 3 градус жылыға дейін, солтүстігінде және таулы аймақтарда 5 градус аяз, күндіз 5-10 градус жылы, солтүстігінде және таулы аймақтарда 2 градус жылы болады. Түркістан – күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 7-9 градус жылы болады.

Батыс Қазақстан облысы – түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр жауады, шығысында жаңбыр аралас қар түседі. Күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Оңтүстік және оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0-5 градус, күндіз 4-9 градус жылы болады. Орал – күн бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік және оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 1-3 градус, күндіз 4-6 градус жылы болады.

Атырау облысы – түнде облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр аралас қар, күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан секундына 7-12 метр жылдамдықпен жел соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 1-6 градус жылы, облыстың шығысында 2 градус аяз, күндіз 5-10 градус жылы болады. Атырау – күн бұлтты, күндіз кей уақытта жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан секундына 7-12 метр жылдамдықпен жел соғады. Күндіз жел екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 7-9 градус жылы болады.

Маңғыстау облысы – күндіз облыстың батысында жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Облыстың батысы мен орталығында жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 1-6 градус жылы, солтүстігі мен шығысында 2 градус аяз, күндіз 8-13 градус жылы болады. Ақтау – күн құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 4-6 градус, күндіз 11-13 градус жылы болады.

Ақтөбе облысы – облыстың батысы мен солтүстігінде аздаған жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады. Оңтүстіктен секундына 7-12 метр жылдамдықпен жел соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде жел екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, күндіз 2-7 градус жылы болады. Ақтөбе – күн бұлтты, аздаған жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады. Оңтүстіктен секундына 5-10 метр жылдамдықпен жел соғады. Күндіз жел екпіні секундына 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы болады.

Қостанай облысы – облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 3 градус аяздан 2 градус жылыға дейін, күндіз 0-5 градус жылы болады. Қостанай – күн бұлтты, күндіз жаңбыр аралас қар жауады. Оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы болады.

Солтүстік Қазақстан облысы – түнде облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде аздап қар жауады. Күндіз осы өңірлерде аздаған жаңбыр аралас қар түседі. Түнде және таңертең облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 4 градус аяздан 1 градус жылыға дейін, күндіз 0-5 градус жылы болады. Петропавл – күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы болады.

Павлодар облысы – түнде облыстың оңтүстігінде аздап қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-8 градус аяз, күндіз 1 градус аяздан 4 градус жылыға дейін болады. Павлодар – күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Тұман түседі. Оңтүстік-батыстан секундына 1-6 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы болады.

Қарағанды облысы – түнде облыстың шығысында қар жауады, солтүстігінде аздап қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында аздаған жауын-шашын, негізінен қар түсіп, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-5 градус, шығысында 8 градус аяз, күндіз 3 градус аяздан 2 градус жылыға дейін, оңтүстігінде 5 градус жылы болады. Қарағанды – күн құбылмалы бұлтты, түнде аздап қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан секундына 2-7 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 0-2 градус аяз болады.

Ұлытау облысы – түнде облыстың батысы мен шығысында қар жауады. Күндіз солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр аралас қар түседі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аяз, күндіз 3 градус аяздан 2 градус жылыға дейін, оңтүстігінде 5 градус жылы болады. Жезқазған – күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы болады.

Шығыс Қазақстан облысы – түнде облыстың батысы мен солтүстігінде, күндіз өңірдің барлық аумағында жаңбыр аралас қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыс және солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-5 градус, шығысында және таулы аймақтарда 8 градус аяз, күндіз 2-7 градус жылы, шығысында және таулы аймақтарда 2 градус аяз болады. Өскемен – күн бұлтты, жаңбыр аралас қар жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Батыс және солтүстік-батыстан секундына 4-9 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы болады.

Абай облысы – облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр аралас қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аяз, күндіз 2 градус аяздан 3 градус жылыға дейін болады. Семей – күн бұлтты, жаңбыр аралас қар жауады. Солтүстік-батыстан секундына 4-9 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы болады.

Қызылорда облысы – жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы болады. Қызылорда – күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан секундына 7-12 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы болады.

Жамбыл облысы – күндіз облыстың таулы аймақтарында жаңбыр аралас қар жауады. Облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Таулы аймақтарда жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 1-6 градус, таулы аймақтарда 9 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы, таулы аймақтарда 1 градус аяз болады. Тараз – күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.com — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России