Бокс жұлдызы 31 жасында нокауттан жарақат алғаннан кейін қайтыс болды
Ли Ривз тамыздағы жекпе-жекте жарақат алуына байланысты жасанды комаға түскеннен кейін туындаған асқыну салдарынан 31 жасында көз жұмды. Боксшы 16 қарашада жақындарының ортасында өмірден өтті.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Ring Magazine (@ringmagazine) жарияланымы
Айта кетейік, бұған дейін Ривз 1 тамызда Дублиндегі (Ирландия) 3Arena-да Гэри Каллимен жекпе-жектің оныншы раундында нокаутқа түсіп, содан бері жасанды комада жатқан. Бұл кездесуде супержеңіл салмақтағы бос тұрған BUI Celtic титулы сарапқа салынған.
Ривз соңғы раундта екі рет нокдаунға түсіп, есінен танып, рингтен зембілмен шығарылды.
Ирландиялық боксшы Ли Ривз кеше кешке 31 жасында тамыз айында Гэри Каллиге қарсы жекпе-жекте алған жарақаттарынан қайтыс болды. https://t.co/S0goudizBV
— ???? المُلاكَمَة بِالعَرَبي. ???????? (@BoxingArab) 16 қараша, 2026 жыл
Миына қан құйылуына байланысты қысымды төмендету үшін оған Дублинде шұғыл ота жасалды, ал қазанда отбасына жақын болуы үшін Лимерик университетінің ауруханасына ауыстырылды. Біраз уақыттан кейін спортшының жағдайы жақсара бастады – ол кейбір аппараттардан ажыратылып, физиотерапия басталған, алайда демалыс күндері тағы бір инфекция жұқтырып алды.
БОКСШЫ ~ ЛИ РИВЗ ТУРАЛЫ ЖАҢАЛЫҚ ???? Дублиндегі ауыр нокауттан кейін 76 күн өтсе де, Ли Ривз әлі ес-түссіз жатыр. 31 жастағы ирландиялық боксшы қазір отбасына жақын жерде және бірнеше отадан кейін физиотерапиядан өтуде. Оның қарындасы Шеннонның сөздері бәрін аңғартады: «Соңғы раунд. Соңғы айқас». Берілме, Ли. ❤️???????? Егер менің қолымнан келсе, досым, сенің де қолыңнан келеді, күресті тоқтатпа, мен де сенің қазіргі күйіңді бастан өткердім, ми жарақаттарымен тозақты көріп қайттым, бірақ сен жеңе аласың ???????? ???? Намысқа тырыс және соңына дейін күрес ???? Толық оқиға WBN-де ????
— NICK BLACKWELL (@nickblackwell02) 17 қазан, 2026
Ривз кәсіпқой рингте 2018 жылы дебют жасап, 18 жекпе-жек өткізген(16 жеңіс, 2 жеңіліс, 11 нокаут). Ол әуесқойлар арасында Ирландияның бес дүркін чемпионы атанды. Бокстан тыс уақытта Ирландия қорғаныс күштерінің Лимерикте орналасқан 12-ші батальонында сарбаз болып қызмет еткен.
???? Ли Ривздің хикаясы ринг шеңберінен әлдеқайда асып түсті. Лимериктік боксшының мансабы, оның психикалық денсаулықты қорғау саласындағы қызметі және 31 жасында қайтыс болғаннан кейінгі көңіл айту жазбалары туралы оқыңыз. ???? Сілтеме пікірде https://t.co/04dfRSYYsT
— Knowledge Ocean News (@marlin_wizard) 17 қараша, 2026 жыл
Сондай-ақ ол психикалық денсаулық саласындағы жұмысымен де танымал болды. Анасы Кэти өз-өзіне қол жұмсағаннан кейін Ривз Limerick Treaty Suicide Prevention ұйымының елшісі болып, өз қаласындағы тиісті бастамаларды белсенді қолдады. Достары мен жақындары оны рингте де, өмірде де соңына дейін күрескен адам ретінде еске алады.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Limerick Treaty Suicide Prevention (@treatysuicideprevention) жарияланымы
Жұлдызды боксшы метродағы шабуылдан кейін 40 жасында қайғылы қазаға ұшырады