Добавить новость
World News

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Интернет өшкен жоқ, бірақ ақау байқалды: 17 қарашада не болды?

"Цифрлық апокалипсис" туралы қауесетке қарамастан, 17 қарашада ғаламдық интернет өшкен жоқ. Дегенмен, кейінгі күндері пайдаланушылар жекелеген сервистер жұмысындағы ақауды байқады, бірқатар елде кибер оқиғалар - ірі компаниялар сайттарындағы зиянды кодтардан бастап, суперкомпьютерге заңсыз кіру әрекеттеріне дейін тіркелді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл оқиғалар әртүрлі жүйеде, әр уақытта болды. Олардың бір-бірімен немесе интернет жаппай өшіріледі деген болжамдармен байланысты екеніне қатысты ешқандай дерек жоқ.
178 ұйым сайтынан зиянды код табылды
16 қарашада Optimizely Web Experimentation платформасы арқылы 178 ұйымның сайтына кірушілерге зиянды JavaScript жүктелген. Олардың қатарында Zoom, CNN, BBC, HSBC, Salesforce, Equifax, IKEA және GitLab бар. Шабуыл туралы 17 қарашада бірқатар БАҚ пен Report URI зерттеушісі Scott Helme хабарлады.
Зерттеушінің мәліметінше, ол тексерілген 1 611 скрипттің ішінен 188 зақымдалған нұсқаны анықтаған. Код криптоәмияндар мекенжайын ауыстырып, банктік карта деректерін иемденіп, cookie файлдарын жинап және экранды суретке түсірген. Apple құрылғылары үшін скрипт iOS осалдығына бағытталған кодты жүктеуге тырысқан. Бұл ретте iPhone немесе iPad зақымдалғаны туралы дәлел әзірге жоқ, ықтимал шығынның жалпы көлемі анықталмады.
Optimizely қаскөй Web Experimentation өніміндегі осалдықты пайдаланып, кейбір клиенттердің жобасына зиянды JavaScript қосқанын растады. Компания осалдықты түзетіп, енгізілген кодты жойғанын және қорғанысты күшейткенін хабарлады. Equifax өз жүйелерінің бұзылу белгілерін таппағанын мәлімдеді; Salesforce тексеру кезінде Optimizely скрипттерін өшіріп тастады.
Бұлтты сервистердегі ақау Қазақстанға да әсер етті
17 қарашада Timeweb хостинг-провайдерінде ақау туындады. Оның статус парақшасындағы мәліметтерге сәйкес, Мәскеу уақытымен 13:28-ден 14:52-ге дейін бұлтты серверлер, деректер базасы, App Platform, жүктеме теңестіргіштері мен Kubernetes жұмысы ішінара қолжетімсіз болды. Ақау бірнеше аймақты, соның ішінде Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазақстан, Германия және Нидерландты қамтыды. Кейі компания желілік мәселенің шешілгенін хабарлады.
Timeweb ақауы. Detector404 сайтынан скриншот
Әсері тиген аймақтар тізімінде Қазақстандағы ALA-1 көрсетілген. Бұл ақау Timeweb инфрақұрылымының жекелеген клиенттеріне әсер етуі мүмкін дегенді білдіреді, бірақ елдегі жалпыұлттық интернет ақауын растамайды. Тексеріс кезінде GeoCables қазақстандық желілердің жұмысын қалыпты деп бағалады; Detector404.kz пайдаланушылардың жекелеген шағымдарын көрсеткенімен, негізгі сервистердің жаппай қолжетімсіздігін тіркемеді.
Жалпы, соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда санаулы сервистердің жұмысында ғана мәселе байқалады.
Detector404 сайтынан скриншот
Сонымен қатар бұл тек бірқатар өңірде, соның ішінде Астана, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында болған.
Detector404 сайтынан скриншот
Жапон суперкомпьютеріне заңсыз кіру
17 қарашада жапондық RIKEN институты Fugaku суперкомпьютерінің операциялық желісіне заңсыз кіру оқиғасы туралы хабарлады. Тексеріс нәтижесі бойынша, сыртқы бұзушы 10-13 қараша аралығында жүйенің жұмыс күйін көрсететін жария парақша арқылы ішкі желіге кірген. Fugaku 14 қарашада тоқтатылды.
RIKEN мәліметінше, Fugaku және онымен байланысты RIKYU суперкомпьютерінің 4 597 пайдаланушысы зардап шегуі мүмкін. Бөгде адамдардың қолына түсуі ықтимал деректер қатарында есімдер, электрондық мекенжайлар, пайдаланушы файлдары және басқа сервистерге кіруге арналған сақталған тіркеу деректері бар. Сонымен қатар институт бірнеше ішкі сервердегі өзгерістер мен зиянды бағдарламалар орнатылғанын хабарлады. Дегенмен, зерттеу деректері жүйеден шығарылғанына қатысты нақты дәлел әзірге жоқ.
Хоккей федерациясының сайты уақытша қолжетімсіз болды
17 қарашада Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) сайтында бірнеше минутқа Ресей құрамасының жастар арасындағы Әлем чемпионатына жіберілмеуі туралы хабарламасы бар ресейлік хоккейшілердің суреті пайда болды. Көп ұзамай сайт ашылмай қалды. Бұл оқиға туралы швециялық SVT телеарнасы мен ресейлік БАҚ хабарлады. Шабуылдың артында кім тұрғаны жарияланымдарда анықталмаған.
Сондай-ақ Ресейде 17 қарашада пайдаланушылар Google, DeepSeek, Discord, Twitch және басқа да сервистердегі мәселелер туралы хабарлады. Timeweb ақауы да расталды. Downdetector және Detector404 сияқты мониторинг сервистері пайдаланушылардың өтінішін жинайды, бірақ шағымдар саны қанша адам сервиске қол жеткізе алмай қалғанын нақты көрсетпейді.
Қазақстан азаматтары неге "цифрлық апокалипсистен" қауіптенді?
17 қарашадағы "цифрлық апокалипсис" туралы қауесет әлеуметтік желілерде қазанның аяғында тарай бастады. Үрейлі болжамдарда жаһандық кибершабуыл, интернеттің үш айға өшірілуі және банктік шоттарда түк қалмайтыны туралы айтылды. Қауесетті өршіткен жарияланымдардың бірі 2 қарашада X әлеуметтік желісінде пайда болды: оның авторы даркнеттен алынған, расталды-мыс делінген дерекке сілтеме жасағанымен, ақпарат тексерілмегенін ескерткен. Бірқатар ел билігінің төтенше жағдайларға дайындық бойынша бөлек берген ұсыныстарын әлеуметтік желіде апат жақындағаны туралы бір оқиғаға біріктірген.
Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі бұған дейін Үкімет мұндай ескерту таратпағанын мәлімдеді.

"Үкімет, оның ішінде ТЖМ, мұндай хабарлама таратқан жоқ", - деді министр Мұрат Мұханов.

Бұл ретте бір күн бұрын танымал цифрлық сервистер жұмысында расында ақау болды. 12 қарашада бірқатар елдегі пайдаланушылар Outlook жұмысындағы мәселелерге шағымданды, сондай-ақ Microsoft 365, Teams және Copilot-та ақау болды. Microsoft компаниясы Exchange Online пошта жәшіктеріне қолжетімділікке қатысты мәселелерді хабарлап, ақау себебін зерттеді. Downdetector сайтындағы хабарламалар саны зардап шеккендердің нақты санын емес, пайдаланушылардың шағымын көрсетті.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.com — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России