Добавить новость
World News

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Алматыда атлеттер базасын алапат өрт шарпыды: қайта жаңарту жұмыстары тоқтатылды

15 қарашада Алматыда Брусиловский көшесінде орналасқан екі қабатты ғимарат өртенді. Өрт салдарынан қаланың байырғы ОРМБЖМ мектептерінің бірі жанып кеткені және спортшылардың енді басқа алаңдарда жаттығуға мәжбүр болатыны белгілі болды, деп хабарлайды Tengri Sport. Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі
Өрт 15 қараша күні таңертең тіркелді, ал сағат 10:25-те Төтенше жағдайлар министрлігі өрттің толық сөндірілгені туралы есеп берді.
Көп ұзамай Брусиловский көшесіндегі өртенген ғимарат №2 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі екені анықталды. Бұл - қаладағы ең ескі спорт мектептерінің бірі.
ОРМБЖМ-ның маңызы неде?
№2 ОРМБЖМ 1964 жылы негізі қаланған. Өртенген жеңіл атлетика манежінің ауданы 1 мың 370 шаршы метрді құрады. Мұнда негізгі жеңіл атлетикадан бөлек бокс, таэквондо, грек-рим күресі және көгалдағы хоккей бөлімдері жұмыс істеген.
Мектеп түлектерінің арасында Сидней-2000 Олимпиадасының чемпионы Ольга Шишигина және жабық ғимаратта сырықпен секіруден әлем чемпионы Игорь Потапович бар.
Өрт болған күні Алматы қаласының Жеңіл атлетика федерациясы мәлімдеме жариялап, бұл манеж қаладағы спортшылардың қыс мезгілінде жаттыға алатын жалғыз нысаны екенін атап өтті. Әкімдік бұл бағамен келіспейді және спортшылар үшін басқа алаңдар табылып қойғанын мәлімдеді.

"№2 ОРМБЖМ манежі (Брусиловский көшесі, 134А) мектептің жас жеңіл атлеттері қысқы кезеңде дайындалатын мамандандырылған база ретінде белгіленген болатын. Сонымен қатар қалада кесте мен жүктемені ескере отырып, оқу-жаттығу сабақтарын өткізуге болатын басқа да жабық спорт нысандары мен манеждер (атап айтқанда, "Республикалық спорт колледжі" РМҚК манежі) жұмыс істейді. Дене шынықтыру және спорт туралы заңнама тұрғысынан алғанда, спортшылар мен спорт мектептері тәрбиеленушілерінің спорттық дайындығы қауіпсіздік талаптарына және оқу-жаттығу үдерісіне сай келетін түрлі спорттық нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін. Оқу-жаттығу үдерісінің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәрбиеленушілер Алматы қаласындағы жұмыс істеп тұрған спорт нысандарына, соның ішінде "Республикалық спорт колледжі" РМҚК манежіне, "Құлагер" МКҚК, СДБАММИК МКҚК және "Жас Қыран" ФК спорт залына, сондай-ақ спортшылар үшін логистика мен трансфер ұйымдастырыла отырып, басқа да мәлімделген нысандарға қайта бөлінді", - делінген әкімдік жауабында.

Tengri Sport барлық спортшының орналастырылғанын нақтылау үшін Алматы жеңіл атлетика федерациясына хабарласты.

"Қазірдің өзінде спортшылардың 90 пайызы орналастырылды. Негізгі бөлігі, яғни 250-ге жуық адам Республикалық спорт колледжінде жаттығып жатыр. Ондағы басшылық бізге қолдау көрсетіп, кеңейтілген кесте ұсынды. Сондай-ақ өртенген манеждің жанында орналасқан "Жас Қыран" орталығы да көмек қолын созып, кішкентай балаларымыздың келуіне мүмкіндік берді. Олар аптасына екі рет сонда барады, яғни оларға арнайы уақыт бөлінді. Бұл шамамен 30–50 адам. Олар онда аптасына екі рет барады, ал қалған күндері Республикалық спорт колледжінде (РСК) жаттығады", - деп түсіндірді біздің тілшімізге берген сұхбатында Алматы жеңіл атлетика федерациясының бас менеджері Наталья Попова.

Бұдан бөлек, Попованың айтуынша, спортшылардың бір бөлігі қыста қала сыртында, Алматы облысындағы ұлттық құраманың дайындық базасында жаттығу мүмкіндігіне ие болады.

"Қазір мәселелер шешіліп жатыр. Ол жаққа бізде лақтырушылар мен көпсайысшылар баратын болады. Олар үшін алаң қолайлы және спортшылар мен жаттықтырушыларды апарып-әкелу үшін автобус беріледі. Бұл мәселе әлі қарастырылып жатыр, өйткені бұл тез бітетін шаруа емес және тек қалаға ғана байланысты емес. Шешім шыққанша, олар да РСК-да жаттығады, бос отырған жоқ", - деді ол.

Сонымен қатар, қалалық федерация басшысының сөзінше, ең бастысы - шешім табылды және жаттығулар спортшыларға қажетті көлемде жалғасып жатыр.

"Меніңше, жұмыс өте жедел атқарылды, спорт басқармасы спортшылар мен жаттықтырушыларды бөлуге белсене атсалысып, көмектесіп жатыр. Яғни, қазіргі таңда бәрі орналастырылды. Әрине, келесі жылды және жылы кездерде далада жұмыс істеу мүмкіндігін күтеміз. Ол уақытта біз Орталық стадионға және қаламыздағы барлық қолжетімді алаңдарға ауысамыз", - деп атап өтті Наталья.

Өрттің себептері мен кінәлілер табылды ма және әрі қарай не болады?
Сондай-ақ біз өз сауалымызда өрт себептерін тергеудің алғашқы нәтижелерін және манеждің алдағы тағдырын нақтылауды сұрадық. Әкімдіктегілер себептері мен кінәлілер әзірге анықталмағанын, ал манеж сол орнында қайта салынатынын айтты.

"Оқиға қорытындысы бойынша Алматы қаласының спорт басқармасы техникалық тексеру жүргізіп, жұмыс көлемін анықтағаннан кейін №2 ОРМБЖМ-ның зардап шеккен жеңіл атлетика манежін бұрынғы орнына қалпына келтіру жоспары туралы хабарлады", - делінген сауалға берілген жауапта.


Манеж биыл реконструкциялануы тиіс еді: жоспардың тоқтатылу себебі
Айта кетейік, әкімдіктің ресми құжаттарына сәйкес, Брусиловскийдегі ғимаратты жаңарту жоспарланған болатын, бұл ретте екі нұсқа қарастырылды.
Жарияланған жобалардың бірінде бұзбай қайта жаңарту жоспарланған - бұл жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеуге бюджеттен 25,7 миллион теңге бөлінген еді.
Басқа нұсқа бойынша қолданыстағы манежді сүріп, орнына жаңасын салу көзделген болатын, оған 2028-2030 жылдар аралығында 46 миллиард теңге бөлу жоспарланған еді. 2026 жылы дайын болуы тиіс алғашқы жобаның жобалау-сметалық құжаттамасы сол күйі әзірленбеді.
Біз жобадан бас тарту себебін нақтылап сұрадық. Қалалық құрылыстың тығыздығына байланысты ғимаратқа өрт сөндіру техникасының өтуін ұйымдастыру қиынға соққаны анықталды.

"Алматы қаласының Құрылыс басқармасы" КММ мен "ӘсемЖобаҚұрылыс" ЖШС арасында 2025 жылғы 3 желтоқсанда жасалған № 011240001633 келісімшарт аясында Алматы қаласы, Брусиловский көшесі, 134А мекенжайында орналасқан № 2 МБЖӨРМ оқу-спорттық ғимаратын реконструкциялау бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Жобалау құжаттамасын әзірлеу барысында іргелес жер учаскесіндегі қолданыстағы құрылыстың жобаланатын нысанға тым жақын орналасуына байланысты қала құрылысына қатысты шектеулер анықталды, бұл өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникасы үшін нормативтік өтпе жолдарын ұйымдастыруға кедергі келтіреді. Өрт қауіпсіздігінің қажетті талаптарын қамтамасыз ету мүмкін болмағандықтан, "Алматы қаласының Құрылыс басқармасы" КММ аталған келісімшартты бұзу туралы бастама көтерді", - делінген жауапта.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.com — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России