Добавить новость
World News

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Қиылыста көлікті артқа қарай жүргізуге бола ма? Сарапшы түсіндірді

Жүргізушілер қажетті бұрылыстан өтіп кеткенде, жолақтан қателескенде немесе қиылыстағы жағдайды түзетпек болғанда жиі кейін қарай жүреді. Алайда мұндай маневр жасауға барлық жерде рұқсат берілмеген. Жол жүру ережелері бірқатар шектеуді белгілейді, ал оларды бұзғаны үшін айыппұл қарастырылған.
Кейін қарай қозғалудың неліктен қауіпті болуы мүмкін екенін және қандай жағдайларда рұқсат етілетінін Tengri Auto тілшісі ЖЖЕ сарапшысы Евгений Каримовтен білді.
Кейін қарай қозғалу неге қауіпті болуы мүмкін?
Кейін қарай қозғалу кезіндегі басты мәселе - көру аймағының шектеулі болуы. Жүргізуші жолдағы жағдайды толық бақылай алмайды, әсіресе бұл ірі көліктерге қатысты.

"Кейін қарай қозғалудағы негізгі мәселе - көру мүмкіндігінің шектелуі. Жүргізушінің жолды нақты бақылауға мүмкіндігі жоқ", - деп түсіндірді Евгений Каримов.

Сарапшының айтуынша, артқы көрініс камералары мен жүргізушіге көмектесетін басқа да заманауи жүйелер мәселені толық шешпейді.
Біріншіден, олар барлық көлікте бола бермейді. Екіншіден, тіпті камераның болуы да жүргізушінің барлық кедергіні байқайтынына кепілдік бермейді.
Каримов жол жүру ережелері тек заманауи жеңіл көліктерді ғана емес, ескі фургондарды, жүк көліктерін және басқа да көлік құралдарын ескеруі тиіс екеніне назар аударады.

"ЖЖЕ-ні нақты бір көлікке ыңғайлап жазу мүмкін емес. Сондықтан ортақ тыйымдар бар", - деп атап өтті сарапшы.

Жүргізуші қателескен жағдайда қиылыста кейін қарай жүруге бола ма?
Мынадай жағдайды елестетейік: жүргізуші қиылысқа келіп, қате жолаққа тұрып қалды және қажетті бағытқа бұрыла алмайтынын түсінді. Немесе бұрылыстан өтіп кетіп, қатесін түзету үшін сәл кейін шегінуді ұйғарды.
Каримовтің айтуынша, бұлай істеуге болмайды. Жүргізуші қауіпсіз жерде кері бұрылып, қажетті бағытқа қайта келуі керек.

"Қауіпсіз кері бұрылатын жер іздеп, кері қарай жүру керек. Бағыт таңдауда қателесу ЖЖЕ бұзуға құқық бермейді", - деп қадап айтты сарапшы.

Басқаша айтқанда, егер жүргізуші қажетті бұрылыстан өтіп кетсе немесе алдын ала тиісті жолаққа ауыспаса, бұл оған қиылыста кейін қарай қозғалуға құқық бермейді.
Тоқтау сызығынан өткен соң кейін шегінуге бола ма?
Бөлек жағдай - жүргізуші бағдаршамның қызыл түсіне тоқтап, бірақ байқаусызда тоқтау сызығынан өтіп кеткенде сәл кейін шегінуге бола ма?
Каримов егер көлік қиылыс шекарасынан әлі өтпеген болса және ол учаскеде кейін қарай қозғалуға басқа тыйымдар болмаса, бұған рұқсат етілетінін түсіндірді.
Алайда іс жүзінде ереже бұзуды автоматты түрде тіркеуге қатысты нюанстар бар.

"Камералар қозғалыс бағытын емес, қозғалыстың өзін тіркейді. Сондықтан тоқтау сызығынан кейін қызыл түске қозғалғаны үшін айыппұл келеді", - деп ескертті сарапшы.

Осылайша, жүргізуші жағдайды түзетіп, кейін шегінбек болса да, автоматты жүйе бағдаршамның тыйым салу сигналы кезінде көліктің тоқтау сызығынан кейінгі қозғалысын тіркеп алуы мүмкін.
Аулада, тұрақта және кәдімгі жолда кейін қарай жүруге бола ма?
Кейін қарай кез келген қозғалыс ереже бұзу болып саналмайды. Каримовтің айтуынша, кейін қарай жүру кезінде жүргізуші ең алдымен қауіпсіздік талаптарын сақтап, басқа жол қозғалысына қатысушыларға кедергі келтірмеуі тиіс.

"Мұндағы талап біреу: қауіпсіздік және кедергі жасамау", - деп түсіндірді сарапшы.

Каримов ауладан немесе іргелес аумақтан шығу жағдайына да жеке тоқталды. Оның айтуынша, мұндай маневр қиылыста кейін қарай қозғалуға жатпайды, сондықтан мұнда тиісті тыйым қолданылмайды.
Бұл ретте тікелей тыйымның болмауы жүргізушінің басқа қозғалыс қатысушыларын елемеуіне болады дегенді білдірмейді.
Тыйым салынған жерлерде кейін қарай қозғалғаны үшін қандай айыппұл қарастырылған
Кейін қарай қозғалу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Қазақстанның ӘҚБтК-нің 595-бабына сәйкес, мұндай бұзушылық үшін айыппұл 10 АЕК құрайды.
Егер кейін қарай қозғалу кезінде жүргізуші ЖКО жасаса, дәл кейін жүру фактісі үшін бөлек жауапкершілік жоқ. Каримовтың түсіндіруінше, саралау оқиғаның мән-жайына байланысты болады.
Мысалы, егер жүргізуші рөлге ие бола алмай ағашқа соғылса, бұл көлікті басқару ережелерін тиісінше бұзу ретінде қаралуы мүмкін. Ал егер ол басқа жол қозғалысына қатысушыға жол бермесе, жауапкершілік сол бұзушылықпен байланысты болады.
Бұған дейін біз жүргізушілерде сұрақ тудыратын жолдағы жағдайларды талдаған болатынбыз:
Оң жақ жолақ бос болмаса, екінші жолақтан оңға бұрылуға бола ма және бұл неге соқтыруы мүмкін?

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.com — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России