Роман Скляр Президент жанындағы мемлекеттік басқаруды реформалау жөніндегі комиссияға жетекшілік етеді
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссия құрамын бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Жарлық
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" жарлыққа қол қойды.Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссия мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың бағыттары мен тәсілдерін тұжырымдау, сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды реформалаудың кешенді жоспарын әзірлеу үшін жүйелі ұсыныстарды қарау мақсатында құрылды.Комиссияның жұмыс органы – Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі.
Комиссия құрамына кімдер кірді?
Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері кірді.Отырыстарға мүдделі орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ, басқа да ұйымдардың өкілдері қатыстырылуы мүмкін.Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссия құрамы:
Скляр Роман Васильевич – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы, төрағаИрғалиев Әсет Арманұлы – Президенттің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасарыСмайылов Әлихан Асханұлы – Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасыҚойшыбаев Ғалымжан Тельманұлы – премьер-министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының басшысыЖұманғарин Серік Мақашұлы – премьер-министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министріМәдиев Жаслан Хасенұлы – премьер-министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасы жасанды интеллект және цифрлық даму министріЖиенбаев Ержан Нұрланұлы – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысының орынбасарыЕсекеев Қуанышбек Бақытбекұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісіЖазықбай Дархан Медеғалиұлы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасыСәрсембаев Ерлан Жақсылықұлы – Қазақстан Республикасы әділет министріҚасымбек Жеңіс Махмұдұлы – Астана қаласының әкімі
Ахметжанов Марат Мұратұлы – Ақмола облысының әкімі
Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы – Алматы қаласының әкімі
Ақшолақов Болат Оралұлы – Атырау облысының әкімі
Байманов Шахмардан Асқарұлы – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесіЕсімханов Сұңғат Қуатұлы – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Экономикалық саясат, индустрия және энергетика комитеті төрағасының орынбасарыКаринова Шолпан Таңатқызы – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесіСмышляева Екатерина Васильевна – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті төрағасының орынбасарыЛукин Андрей Иванович – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі
Мусин Бағдат Батырбекұлы – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі
Шайымова Айгүл Амантайқызы – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары, хатшы.