Тұраннан Республика даңғылына дейін: Астанада жарық уақытша өшеді
Жұма, 27 қарашада Астанада электр қуаты уақытша өшіріледі. Әкімдіктің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы жарық қай уақытта және қай мекенжайлар бойынша болмайтынын ескертті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін жарық Тұран даңғылындағы №№ 41 А, 41/1, 43, 43 А, 43 Б, 43 В, 43/1, 43/3 үйлерде болмайды.
Сағат 14:00-ден 16:30-ға дейін электр қуаты Ұлы Дала даңғылындағы №№ 41, 41а, 41б, 41в, 41/3, 41/4 үйлерде; Қабанбай батыр даңғылындағы 48 Б, 48/5, 48/7, 48/8, 48/9 үйлерде; Тұран даңғылы, 44/2 және Сауран көшесі, 15/4 мекенжайларында өшіріледі.
Күлтегін көшесі, 1 мекенжайында сағат 08:30-дан 09:00-ге дейін және 11:30-дан 12:00-ге дейін жарық болмайды.
Сағат 08:00-ден 16:30-ға дейін Бөгенбай батыр даңғылы, 50 және Әуезов көшесі, 25 мекенжайлары бойынша электр қуатын беру тоқтатылады. Сондай-ақ сағат 08:30-дан 11:30-ға дейін Республика даңғылы, 47 мекенжайында жарық болмайды.
Сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жарық мына көшелерде өшіріледі: Берел, Сарыбұлақ, Бекетай, Сеченов, Мәскеу және Катченко тұйық көшесі.
Сағат 13:30-дан 16:30-ға дейін Тайқазан, Көкжелек, Өзбекәлі Жәнібеков, Сарын, Қобыз, Бесшалқар көшелері мен Сарыағаш тұйық көшесінің тұрғындары жарықсыз қалады. Әкімдік бұл жердегі шектеу ағаш бұтақтарын кесу жұмыстарына байланысты екенін хабарлады.
Бұған дейін алдағы күндері Астанада қар, боран, қатты жел болжанатыны хабарланған. Апта соңына дейін қалаларды ауа райы қолайсыз болады. Толық болжамды мына сілтеме арқылы оқыңыз.