Қазақстанда 20 градусқа дейін аяз болады
Қарашаның соңғы күндері Қазақстанда қар, жаңбыр, боран және көктайғақ болады. 30 қарашаға қарай еліміздің кейбір өңірлерінде түнгі температура 20 градус аязға дейін төмендейді, ал шығыста қалың қар жауады деп болжанады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Болжам бойынша, алдағы күндері еліміздегі ауа райын атмосфералық фронттар анықтайтын болады. Жауын-шашын (жаңбыр мен қар), тұман және желдің күшеюімен сипатталатын тұрақсыз ауа райы болжанады.
Ең қатты аяз қай жерлерде болады?
Күн біртіндеп суыта бастайды. 30 қарашаға қараған түні ауа температурасы төмендейді:
еліміздің батысында - 5–12 градус аязға дейін;солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта - 10–18 градус аязға дейін;шығыста - 7–12 градус аязға дейін;таулы аймақтарда - 15–20 градус аязға дейін.
Қазақстанның қалған аумағында температура айтарлықтай өзгермейді.Қай жерде жауын-шашын болады?30 қарашада Қазақстанның шығысында қалың қар жауады деп болжанады. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түріндегі қалың жауын-шашын жауады.Қазақстанда желтоқсан айы қандай болады?
Бұған дейін синоптиктер 2026 жылдың желтоқсан айына арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынған болатын. Қазақстанның басым бөлігінде қыстың бірінші айы климаттық нормадан 1–2 градусқа жылы болады деп болжанады. Бұл ретте Астанада температура -26 градусқа дейін, ал Алматыда -17 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Қазақстанда желтоқсан айының қандай болатынын толығырақ Tengrinews.kz материалынан оқи аласыздар.