Тікұшақтар, тонналаған тамақ: Үндістанның ең кедей штатының депутаты 400 мың қонақ шақырып, қызына той жасады
Үндістанда ықпалды саясаткердің қызының үйлену тойына 400 мыңға жуық адам жиналып, көлік кептелісіне әкеп соқтырды. Қонақтарға жүз мыңдаған тәттілер дайындалып, 500 аспаз шақырылған, тікұшақ алаңдары жабдықталып, ат жарысы ұйымдастырылды. Алайда көрермендердің тым көптігінен жарысты кейінге шегеруге тура келді, деп хабарлайды Tengri Life.
Жүз мыңдаған қонақ шақырылған той
The Times of India мәліметінше, Ришикеш Кумар мен үндістандық саясаткер Анант Сингхтің қызы Шиванги Сингхтің үйлену тойы 25 қарашада Бихар штатындағы Надвана ауылында өтті. Үндістандық БАҚ мәліметінше, салтанатты шараға 400 мыңға жуық адам келген.
Анант Сингх тойға ауыл тұрғындарын, саяси одақтастарын және жоғары лауазымды қонақтарды шақырды. Іс-шараны өткізу үшін 2,5 гектарға жуық аумақ бөлінді.
Тойдың ауқымды болғаны соншалық, көшеде сегіз шақырымға созылған кептеліс пайда болды.
छोटे सरकार की छोटी बेटी हुई पराई..... शिवांगी ???? ऋषिकेश हुए एक दूже के। Happy Wedding...❣️???? https://t.co/zZEf5DAu35
— BhanuPriya (@Kashyap_Priyu) 26 қараша, 2026 жыл
500 аспаз, жарты миллион тәтті мен тікұшақтар
Тойға дайындық қарапайым отбасылық отырыстан гөрі, ауқымды фестивальді ұйымдастыруға көбірек ұқсады.
Қонақтарға 500 мыңға жуық дәстүрлі үнді тәттісі дайындалды. Ас мәзіріне 500 аспаз бен асүйдің басқа да қызметкерлері жауапты болды. БАҚ мәліметінше, тағамдарды әзірлеуге тоннаға жуық ет пайдаланылған.
VIP-қонақтарға алты уақытша тікұшақ алаңы жабдықталды. Күйеу жігіт рәсімге 151 автокөліктен тұратын колоннамен келді.
Жас жұбайларға берілген сыйлықтардың арасында ақ түсті Land Rover Defender жол талғамайтын көлігі болды.
Үндістанның ең кедей штаты Бихарда саясаткер Анант Сингхтің қызының сәнді тойына шамамен 400 000 адам қатысты. Жұрттың бірер сәт болса да көруге ұмтылып, электр бағаналарына өрмелеуінен жол қозғалысы тоқтап қалды. Сингхтің үстінен ондаған қылмыстық іс, соның ішінде кісі өлтіру айыбы қозғалған. https://t.co/8Z1GRmpeK8
— Al Jazeera English (@AJEnglish) 26 қараша, 2026 жыл
Басты ойын-сауықтардың бірі ат жарысы болуы керек еді. Жарысқа Үндістанның түкпір-түкпірінен 52 тұлпар әкелінді. Жеңімпазға Mahindra Thar жол талғамайтын көлігін сыйға тарту уәде етілді.
Алайда жарысты өткізу мүмкін болмады. Ат жарысын көруге жиналған халықтың көптігінен көрермендер жолға шыға бастады. Кейбіреулері ағаштар мен электр бағаналарына өрмелеп шыққан. Ұйымдастырушылар жарысты тоқтатып, оны келесі күнге ауыстыруға мәжбүр болды.
Бихардың Надван ауылында Мокама аймағының заң шығарушы органының мүшесі Анант Сингхтің қызының үйлену тойы аясында ұйымдастырылған ат жарысын тамашалау үшін көрермендер жоғары вольтты электр мұнараларына, бағаналар мен ағаштарға шығып кеткен. https://t.co/R0TIkis9he
— The Indian Express (@IndianExpress) 25 қараша, 2026 жыл
Той кезінде қайғылы жағдай болды
Ат жарысы кезінде көрермендер бірінің денсаулық жағдайы нашарлаған. Ер адам ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады. NDTV мәліметінше, қаза тапқан адам кім екені және неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз.
Анант Сингх деген кім?
Анант Сингх Бихар штатындағы ең танымал саясаткерлердің бірі. Ол бірнеше рет аймақтың заң шығарушы жиналысына депутат болып сайланған. Бихар Үндістандағы ең кедей штаттардың бірі саналады.
The Guardian мәліметінше, саясаткерге қатысты 28 қылмыстық іс қозғалған, соның ішінде кісі өлтіру, адам ұрлау және бопсалау айыптары бар. Сингх заңсыз әрекеттерге қатысы барын жоққа шығарады.
Оның қызының тойы халықаралық БАҚ назарын қонақтар санымен ғана емес, мерекенің ерекше сән-салтанатымен де аударды. Үндістанның шағын ауылы бір сәтте жүз мыңдаған адам келген жаппай мерекелік шара орнына айналды.