Үкімет басшысы Павлодар облысының машина жасау зауыттарын жаңғырту барысымен танысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев теміржол білігі мен қос дөңгелек шығаратын «R.W.S. Wheelset» ЖШС зауыты мен жылдамдықты жылжымалы құрамдар үшін бағыттамалық бұрмалар мен теміржол дөңгелектерін шығарумен айналысатын «Проммашкомплект» ЖШС-на барды, деп хабарлайды primeminister.kz.