Сейсенбіде Қазақстанда қар жауып, бұрқасын соғады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 ақпанда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлеріде қар жауып, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын күтіледі. Республиканың басым бөлігінде тұман сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.