Сағадиев оқу гранттары мен студенттік жатақхананы қаржыландыру тетіктерін атады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев студенттерге қосымша бөлінетін 20 мың грант пен жатақханадағы 75 мың орынның қаржыландыру тетіктері туралы айтып берді. Еске сала кетейік, бұндай тапсырма «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» аясында берілген болатын. Осыған байланысты бүгін «Хабар» арнасында «Өсімнің бес қадамы» атты арнайы бағдарлама өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.