Ауғанстанда теракті құрбандарының саны 25 адамға жеткен
Ауғанстан презденті Ашраф Ғани "Талибан" күштерімен арадағы атысты доғару режимі ұзартылатынын жариялап, оларды да бітімді созуға шақырған тұста жасалған шабуылға жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобы алған. Бұл туралы ИМ тобымен байланысы бар Amaq сайты хабарлаған.
Нангархар уәлаяты губернаторының баспасөз хатшысы Атаулла Хогияни Азаттықтың Ауған қызметіне сенбі күнгі жарылыстан кемінде 54 адамның зардап шеккені туралы хабарлаған. Олардың кейбірі өте ауыр халде жатыр деген Хогияни. Оның сөзінше, "Талибан" күштерінен қанша адам қазаға ұшырап, қаншасы зардап шеккені әзірше белгісіз.
Нангархар уәлаяты ИМ экстремистік тобының Ауғанстандағы тірек базасы саналады.