Қазақстандық актер Қытайда өткен кинофестивальде үздік атанды
![Қазақстандық актер Қытайда өткен кинофестивальде үздік атанды](http://www.inform.kz/fotoarticles/20180617224254.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Біздің қаланың ханзадасы» фильмінде басты рөлді сомдаған актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Төлеубек Аралбай Қытайда өткен кинофестивальде «Үздік ер адам рөлі» жүлдесімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.