Қазақстандықтар автокөліктерін онлайн тіркей алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Электрондық үкімет порталында пилоттық режимде жаңа сервис іске қосылды. Енді қазақстандықтар автокөліктерін онлайн түрде тіркей алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.