Қамауға алынған адамдар саны елеулі түрде азайды - Бас прокуратура
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда бас бостандығынан айыруға сотталғандар саны үштен бір бөлікке азайды. Бұл туралы Бас прокуратурада Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.