7-20-25: Жаңа бағдарламаның қарқыны қалай
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы тапсырмасымен жүзеге аса бастаған «7-20-25» бағдарламасы іске қосылғалы бері бір айдан асты. Осы уақыт аралығында республика бойынша жүздеген адам баспаналы болып үлгеріпті. Ұлттық банк болса, жаңа бағдарламаның қарқыны әлі де арта түседі деп сендіреді. Дегенмен, салмақтайтын сарапшылардан бастап көзі қарақты қарапайым жұрт та осы салада бірқатар өзекті мәселелер бар екенін көрсетіп отыр. Осыған байланысты «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі банктің есебін сараптап, қазіргідей қарқынмен қанша қазақстандықтың баспаналы болатынын болжап көрген еді.