31 желтоқсан күнгі ауа райы
АСТАНА. ҚазАқпарат - 31 желтоқсанда Қазақстанның басым аумағында құбылмалы ауа райы сақталады, осыған байланысты жауын-шашын болады. Республиканың кей жерлерінде көктайғақ, тұман, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.