Аудан әкімі орынбасарының үстінен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр
![Аудан әкімі орынбасарының үстінен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр](http://www.inform.kz/fotoarticles/20190329174813.jpg)
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қостанай облысының Федоров ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.