Мемлекеттік мекеме басшысы қамқорлығы үшін кәсіпкерден 2 млн теңге пара алған
![Мемлекеттік мекеме басшысы қамқорлығы үшін кәсіпкерден 2 млн теңге пара алған](http://www.inform.kz/fotoarticles/20180405110502.jpg)
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Алматыжолзертхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы кәсіпкерден қамқорлығы үшін 2 млн теңге пара алған. Бұл туралы бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.