Шымкентте елімізде теңдесі жоқ алып жылу қазандығы пайдалануға берілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте республикада теңдесі жоқ қазандық іске қосылмақ. Бұл қондырғы болашақта Шымкент халқының 85 пайызын қыстыгүні жылумен қамтамасыз етпек. Құрылысы осыдан бір жыл бұрын басталған нысан жуық арада шымкенттіктер үшін кәдеге жарамақ.