Отырардың туристік кластерін дамыту басты назарда
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Отырар ауданында туристік кластерді дамыту мәселелерін көтерген жиын болып өтті, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. Аудан әкімі Ерлан Айтахановтың төрағалығымен өткен жиынға аудан активтері, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының қызметкерлері қатысты. Жиында мұражай директорының орынбасары С.Ақылбек, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Е.Оралбайлар баяндама жасап, ауданның туризм саласын дамытуда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.