АУА РАЙЫ: Солтүстік облыстарда жел күшейіп, бұрқасын соғады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Республикамыздың солтүстігінде атмосфералық фронттың өтуіне байланысты қар жауып, бұрқасын болып, жел күшейеді. Қазақстанның қалған аймақтарында жауын-шашын болмайды. Кей жерлерінде тұман күтіледі, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.