Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұман түседі, кей жерлерде бұрқасын соғады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Республиканың солтүстік-батыс және оңтүстік бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде тұман түседі, бұрқасын соғып, желдің күшеюі күтіледі.