Диас Бахраддин - жасөспірімдер олимпиадасының чемпионы
Буэнес-Айресте (Аргентина) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы олимпиадада қазақстандық Диас Бахраддин каноэ есуден спринт жарыста алтын алды. Ол финалда өзбекстандық Исломджон Абдусаломовты жеңді. Қыздар арасындағы байдарка есу жарысында қазақстандық Стелла Суханова қола жүлдегер атанды. Бахраддин - 16, Суханова - 15 жаста. Қазір Қазақстан делегациясы жасөспірімдер олимпиадасының екі алтын, бір күміс, бір қоламен жалпы есепте 14-орында тұр. Бұған дейін дзюдодан Бекарыс Садуақас жасөспірімдер олимпиадасының чемпионы атанған. Читать дальше...