Жайықта қырылған балық қылмыстық іске түрткі болды
Атырау облысында Жайық өзеніндегі балықтардың жаппай қырылу себебін анықтауға тырысып жатыр. Облыстық әкімдік алғашында 110 балық өлгенін хабарлап, "халі ауыр" балықтардың да барын айтқан. Кейін бір тонна балықтың қырылғанын мәлімдеді. Жақында жүргізілген тексеріс өзен суының "таза әрі халыққа еш қауіп төндірмейтінін" анықтаған.