2021 жылы Қаражал мен Жәйремді сумен қамту мәселесі қалай шешілмек
ҚАРАЖАЛ. ҚазАқпарат – Биылғы жылы Қаражал мен Жәйремде сумен жабдықтау мәселесіне нүкте қойылуы тиіс. Сонымен қатар, кәріз желілері мен су тазарту құрылыстарына ЖСҚ әзірлеу жалғастырылады. Облыс аймақтарының бірі қалй дамитыны жайлы Жеңіс Қасымбектің қатысуымен өткен кеңесте Қаражал қаласының әкімі Тілектес Досаев баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.