Орал тұрғыны марқұм белсенді Дулат Ағаділді еске алып, пикет өткізді
Орал тұрғыны Бекболат Өтебаев белсенді Дулат Ағаділдің қазасына бір жыл толған күні қаланың орталық алаңында бір адамдық пикет өткізді. 25 ақпанда ол Абай ескерткішінің жанында Нұр-Сұлтан түрмесінде жұмбақ жағдайда көз жұмған белсенді Дулат Ағаділ мен былтыр қарашада кісі қолынан мерт болған Ағаділдің ұлы Жанболаттың суретін ұстап шықты. Өтебаев пикетке шығу себебін айта бастағанда оған үш адам келіп, екеуі оны ұялы телефонмен видеоға түсіре бастады. Енді бірі өзін әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің қызметкерімін деп таныстырып... Читать дальше...